Ресей рублімен төлемдер жасайтын клиенттерге арналған жаднама
Құрметті клиенттер!
Осы арқылы «Нұрбанк» АҚ біздің банкпен әріптестіктеріңіз үшін Сіздерге алғысын білдіреді!
«Нұрбанк» АҚ Ресей Федерациясының валюталық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты, 2004 жылдың 2 тамызынан бастап ресей рублімен аударулар жүргізген кезде, ресей рублімен «Ақша аударуға өтінішті» толтырғанда Сіз 70-жолда Төлем мақсатында — «Валюталық операция түрінің кодын» көрсетуіңіз керектігіне Сіздердің назарларыңызды аударады.
Мұнда мына төмендегілерге назарларыңызды аударамыз:
«Валюталық операция түрінің коды» жақшаның ішінде көрсетіледі,
Код жеті символдан тұрады. Олардың алғашқы екеуі (1,2) — әріптік — VO (латын алфавиті) — өзгеріссіз қолданылады, кейінгілері (3…7) — сандық.
*Тек қана электронды клиенттер үшін* — Жақшаның ішінде ашық жер (бос орын) қалдыруға болмайды!
Мысалға:
(VO13010) ТЕХНИКАЛЫҚ МАЙЛАРҒА ТӨЛЕМ
ДОГ М-325 ОТ 040218 СЧ.332 ОТ 040223
Валюталық операция түрі дұрыс көрсетілмеген немесе мүлде көрсетілмеген аударымдар ресейлік банктер тарапынан өңдеуге және төлеуге алынбайды. Осыған орай Сіздерге: Өздеріңіздің ресейлік әріптестеріңізден осы аталған кодтарды сұрап білуге, «Өкілетті банктер клиенттерінің валюталық операцияларының тізімдемесін» пайдалануға кеңес береміз. Ресей Банкінің 17 маусым 2004 жылғы № 117-И «Резиденттер мен бейрезиденттердің валюталық операциялар жүргізгенде құжаттар мен ақпараттар беру тәртібі, өкілетті банктердің валюталық операцияларды есепке алу және валюталық мәмілелерді рәсімдеу тәртібі туралы» атты Нұсқаулығына 2-Қосымша.
«Валюталық операция түрінің кодының» дұрыс көрсетілуі үшін жауапкершілік клиентке жүктеледі.
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)