Коммуналдық төлемдер
«Нұрбанк» АҚ коммуналдық төлемдердің барлық түрін қабылдайды.
Коммуналдық төлемдерді қабылдау қолма-қол ақша түрінде және де салымшылар олардың банктік (есептік) шоттарынан ақша сомаларын есептен шығару туралы берген тапсырыстары бойынша қолма-қол ақшасыз түрінде де жүргізіледі.
Тұрғындардан пәтер мен коммуналдық қызметтер үшін, газ, электрқуаты, телефон үшін алынатын ақша бекітілген үлгідегі төлем құжаты бойынша қабылданады.
Коммуналдық төлемдер сомасын қызмет ұсынып отырған кәсіпорынның пайдасына аудару туралы салымшының тапсырысы бойынша Банк коммуналдық төлемдерді қолма-қол ақшасыз түрде жүзеге асыра алады. Салымшы тапсырмасын өтініш күйінде, төмендегі мәліметтерді қамти отырып, рәсімдейді:
- пайдасына төлем қабылданатын ұйымның атауы және ұйымның есеп шоты, БеК,
- қызмет көрсетуші банктің атауы,
- төлем алынуы тиіс шоттың нөмірі,
- БТК және төлем атауы,
- клиенттің қолы.
Төлемшілердің өтініштері бойынша банк қабылданған коммуналдық төлемдер туралы анықтамалар береді.
Коммуналдық төлемдерді төлеу «Нұрбанк» АҚ-ның барлық филиалдарында жүзеге асырылады.
Төлемдердің қабылданғаны үшін алынатын комиссиялармен тарифтер бетінен таныса аласыз.
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)