ЗТМО-дан зейнетақы мен жәрдемақы алу
ЗТМО-дан зейнетақы мен жәрдемақы алудың екі қадамы:
- банктен арнайы шот ашу (немесе әлеуметтік карточка алу),
- зейнетақыңызды немесе жәрдемақыңызды «Нұрбанк» АҚ арқылы алғыңыз келетіні туралы, ЗТМО-ға шоттың (шот ашу кезінде Банк менеджері береді) деректемелерімен қоса хабарлайсыз
«НұрҚұрмет» бағдарламасы бойынша ЗТМО-дан төлемақы алушылар үшін «Нұрбанк» АҚ келесі қызметтерді тегін ұсынады:
- ЗТМО-дан зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге арналған арнайы ағымдық шот немесе әлеуметтік карточка ашу,
- ЗТМО-дан зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге арналған арнайы ағымдық шоттан немесе әлеуметтік карточкадан қолма-қол ақша беру,
- бір клиенттің шоттары арасындағы аударымдар,
- сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарында (супермаркеттерде, дүкендерде, салондарда және т.б.) әлеуметтік карточканың көмегімен тауар мен қызмет үшін қолма-қол ақшасыз төлем жасау.
Арнайы шот немесе әлеуметтік карточка ашуға қажетті құжаттар:
- жеке басын куәландыратын құжат,
- әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат (зейнеткер куәлігі, еңбекке жарамсыздық парағы, баланың туу туралы куәлігі, студенттік билет және т.б.).
ЗТМО-дан зейнетақы мен жәрдемақы алушылар:
- жасына байланысты зейнеткерлер (әйелдер — 58 жастан, ерлер — 63 жастан),
- еңбек істеген жылдарына байланысты зейнеткер,
- ЗТМО-дан жәрдемақы алатын ҚР азаматтары (баланың туылуына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы, баланы бір жасқа дейін күтуге мемлекеттік жәрдемақы және т.б.).
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
© 2005-2024 «Нұрбанк» АҚ. Барлық құқықтар қорғалған.
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
2552 Ұялы телефоннан тегін
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)