Проблемалы қарыздарға қатысты жиі қойылатын сұрақтар
Сұрақтар |
Жауаптар |
Проблемалы қарыздарды қайта құрылымдағаны үшін банктің алатын комиссияның мөлшері қандай? |
Банктің байланыс орталығына немесе банктің кез келген бөліміне хабарласу арқылы банктің бекітілген тарифтерінің толық тізімін алуға болады. |
Кепілдегі жылжымалы және жылжымайтын мүліктердің сатылуы туралы ақпаратты қайдан алуға болады? |
Сатылымға қойылған, кепілдегі жылжымалы және жылжымайтын мүліктердің тізімімен Банк сайтынан танысуға болады. |
Мен проблемалы қарыз алушы болып, берешектердің қалдығын өтегім келсе, банк менен өсімақылар мен айыппұлдарды алып тастай ала ма? |
Иә, клиент банкке жазбаша өтінішін берсе, банктің уәкілетті алқа органы әрбір қарыз алушының өтініштерін жеке-жеке қарастырады. |
Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ ипотекалық қарыздарды қаржыландыру бағдарламасының шарттары туралы қайдан білуге болады? |
Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ ипотекалық қарыздарды қаржыландыру бағдарламасының шарттары туралы мәлімет банктің сайтына орналастырылған. |
Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ ипотекалық қарыздарды қаржыландыру бағдарламасына қатысуға қажетті құжаттардың тізімін қайдан алуға болады? |
Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ ипотекалық қарыздарды қаржыландыру бағдарламасына қатысуға қажетті құжаттардың тізімі банктің сайтына орналастырылған. |
Үшінші тұлғаның менің қарызым туралы мәліметтерді білуіне бола ма? |
Иә, ресми түрде сұрағанда және сәйкесті нотариалды расталған сенімхаты болғанда. |
Өтеу кестесін (өтеу күнін, өтеу кезектілігін ж.т.б.) өзгерте алам ба? |
Иә, клиент Банкке жазбаша өтінішін берсе, Банктің уәкілетті алқа органы әрбір қарыз алушының өтінішін жеке-жеке қарастырады |
Проблемалы қарыздарға қатысты басқа да сұрақтар болса |
Филиалдардың бөлімдері басшыларының, Филиалдардың проблемалы кредиттер секторы меңгерушілерінің байланыс мәліметтері орналастырылсын. |
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)