Депозиттік кепілдік
1999 жылдан бастап Қазақстанда «Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (KDIF) арнайы фонды болды, оның мақсаты - жеке тұлғалардың депозиттерін кепілдендіру.
«Нұрбанк» АҚ депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесінің қатысушы болып табылады, бұл 07.12.2004 ж. №010 Куәлікпен расталады.
Кепілдендірілген өтемақы төлеу шарттары Қордың: www.kdif.kz. сайтында орналастырылған.
Кепілдік берілуі тиіс:
- Мерзімдік депозиттерге, жинақ депозиттеріне, талап етілетін депозиттерге, шартты депозиттерге;
- Ағымдағы және карточкалық шоттардағы ақшаларға.
Кепілдендірілген өтеме сомасын құрайды:
- ұлттық валютадағы жинақ депозиті бойынша 20 миллион теңгеден аспайтын;
- ұлттық валютадағы басқа депозиттер бойынша (мерзімдік, талап еткенге дейінгі депозиттер, шартты, ағымдағы және карточкалық шоттар) 10 миллион теңгеден аспайтын;
- шетел валютасындағы депозиттер бойынша (жинақ, мерзімдік, талап еткенге дейінгі депозиттер, шартты, ағымдағы және карточкалық шоттар) 5 миллион теңгеден аспайтын.
Салымшының банкте кепілдендірілген депозиттердің бірнеше түрі болған жағдайда, Қор олар бойынша депозиттің әрбір түрі үшін бөлек белгіленген ең жоғарғы лимиттер шегінде, бірақ 20 миллион теңгеден аспайтын мөлшердегі кепілдіктің жалпы сомасын төлейді.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры – Сіздің банктік жинақтарыңызға берілетін мемлекеттік кепілдік!
Жеке тұлғалардың депозиттерін кепілдендіру туралы ақпарат
Кепілдік өтемақыны төлеу тәртібі туралы хабарлама нысаны
Банктік шот шартын және (немесе) банктік салым шартын жасасқан клиент-жеке тұлғаны хабардар ету. 2024 жылғы 1 қарашадан бастап жасалған банктік шотқа және (немесе) банктік салым шарттарына қолданылады.
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)