«AQYL» білім беру салымы
Қазақстан Республикасының және шетелдің жоғарғы оқу орындарында білім алу үшін ақша жинауға арналған салым
Шарттары
Орналастыру мерзімі | 36 және 60 ай |
Салым валютасы | теңге |
Ең төменгі сома | Республикалық бюджет туралы заңның сәйкес қаржы жылына белгілеген 3 АЕК** |
Қосымша жарналар | жарнаның ең төменгі және ең жоғарғы сомасына шек қойылмастан, қосымша жарналар қабылданады |
Ішінара алу жолдары | білім жинақ салымының қаражаттарын мақсатына сай пайдаланатын (білім беру ұйымына ақша аудару) жағдайларды қоспағанда, ішінара алуға рұқсат етілмейді |
Мемлекеттің сыйлық ақысы | - стандартты: жылдығы +5 % (салымның ең аз мерзімі 1 жыл болған кезде салым сомасының 1-ші қаңтардағы күй-жайы бойынша нақты жинақталған қалдығына), бірақ 100 АЕК-тен аспайтын мөлшерде**. - арнаулы: жылдығы +7 % (салымның ең аз мерзімі 1 жыл болған кезде салым сомасының 1-ші қаңтардағы күй-жайы бойынша нақты жинақталған қалдығына), бірақ 100 АЕК-тен аспайтын мөлшерде**. |
Сыйақының төленуі | ай сайынғы капиталдандыру |
Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі
Валюта | 36 ай | 60 ай | ||
Негізгі | СЖТМ*, % | Негізгі | СЖТМ*, % | |
KZT | 14.1 | 15 | 10 | 10.5 |
— салым ашылған сәттен бастап «30» күнтізбелік күнге дейін – сыйақы есептелмейді;
— салым ашылған сәттен бастап «31» және одан да көп күнтізбелік күннен бастап – салымның «Нұрбанк» АҚ-да болған нақты күндердің санына қарай, Банктік салым келісімшартында көрсетілген негізгі мөлшерлеме бойынша сыйақы есептеледі. Бұл орайда, салымшының бастамасымен келісім бұзылса, мемлекеттен бөлінген сыйлық ақы сомасы Салымнан ұсталып қалады.
* сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемес.
** АЕК 2024 жылы — 3 692 теңгені құрады.
Сыйақы мөлшерлемесі Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі комитеттің 29.03.2024 ж. №43-2 шешімімен бекітілді.
Қалай депозит ашуға болады?
Банк бөлімшесінде:- Банк бөлімшесіне барыңыз;
- Депозит таңдаңыз;
- Депозит ашыңыз;
- Депозитіңізді толтырыңыз.
«AQYL» білім салымы
Егер де сіздің балаңыз жақын жылдарда жоғарғы оқу орнына түсуді жоспарлап жүрсе және сіз оның оқуына белгілі бір соманы жинағыңыз келсе, «AQYL» білім салымын ашуға кеңес береміз. Бұл біздің еліміздегі университеттердегі оқу ақысын төлеу үшін ақша жинау үдерісін жеңілдету мақсатында мемлекет субсидиялайтын бірегей депозит.
Неліктен «AQYL» білім салымын ашу тиімді болады?
- Мемлекеттік сыйлықақы – жылдығы 5% немесе 7% көлеміндегі мемлекеттен берілетін сыйлықақы білім салымының басты және негізгі ерекшелігі болып табылады.
- Салым бойынша жоғарғы пайыздар – мемлекеттен берілетін сыйлықақымен қатар 36 айға - жылдығы 14,1% (немесе СЖТМ 15%), 60 айға - жылдығы 10% (немесе СЖТМ 10,5%) құрайтын әдеттегі пайыздық сыйақыны да аласыз.
Көбірек
- Егер де шотты ертерек, ең ұзақ мерзімге (5 жыл) ашсаңыз және оған ай сайын аздаған соманы қосып отырсаңыз, балаңыз ержеткен кезде, қосымша жұмысқа алаңдамастан, еркін ғана оқуына қажетті сома ақша жиналып қояды.
- Салыстырмалы түрде алғандағы ең төменгі сома – шот ашу үшін сізде 3 АЕҚ болса жетіп жатыр.
- Шотты ай сайын капиталдандыру – алынған пайыздар шоттың кірісін арттыру үшін тікелей соған түсіп отырады.
- Білім салымы 3 және 5 жылға дейінгі мерзімге қабылданады, осы уақыт ішінде оны емін-еркін толықтырып отыруға болады, алайда одан ақша қаражатын тек қана мақсатты жағдайларда (яғни, сіз ақшаны шоттан оқу орнының шотына тікелей аударсаңыз) ғана алуға рұқсат етіледі.
- Білім беру салымы ҚДКҚ-да сақтандырылған – Қор депозит бойынша 10 миллион теңгеден аспайтын мөлшерге кепілдік береді.
«AQYL» білім салымын ашуға ұсыныс жасаймыз
Жоғарғы білім алу – тәрбие берудегі ең маңызды элементтердің бірі, алайда әрбір отбасының жоғарғы оқу орнындағы оқуды төлеуге қажетті соманы жылдам және оңай жолмен жинақтауына мүмкіндігі бола бермейді. «AQYL» білім салымы сіздің балаңыздың жарқын болашағын қамтамасыз ету міндетін жеңілдету және көмек көрсету мақсатында мемлекетпен ынтымақтаса отырып құрылды.
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)