Ипотека
Нұрбанктан ипотека. Үйіңізге қош келдіңіз!
Жеке тұлғалар - ҚР резиденттеріне жылжымайтын мүлік сатып алуға және бұрын берілген ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыруға арналған ипотекалық кредиттер.
Ипотеканың артықшылықтары
- кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің төмен болуы;
- кіріс жеткіліксіз болған жағдайда, серіктес қарыз алушыны тарту мүмкіндігінің болуы;
Сонымен қатар біз тиімдірек шарттарда, Сізге басқа банктегі ипотекалық кепілзатты кредит бойынша ағымдағы берешектеріңізді қайта қаржыландыруға көмектесеміз!
Кредиттеудің негізгі шаралары
Валюта | теңге |
Ең жоғарғы сома | 70 000 000 теңге (жеке мән-жайлар бойынша артық соманы алуға болады) |
Бастапқы жарна | 20%-дан бастап |
Мерзімі | 240 айға дейін |
Қамтама | Сатып алынатын немесе қолда бар жылжымайтын мүлік |
Берілуі | Кепілге қою келісімшарты Мемлекеттік уәкілетті тіркеуші органда тіркелуіне байланысты |
Сақтандыру | Мүлікті сақтандыру міндетті |
Өтініш беруге арналған құжаттар тізімі* |
Жеке куәлік |
Өтінімді қарау мерзімі | 3 жұмыс күннен |
* Банк қосымша құжаттарды сұратуға құқылы
Комиссиялармен кредиттеу шарттары
Сыйақы мөлшерлемесі |
жылдығы 18,0%-дан бастап 22,0%-ға дейін** |
Қарыз алу туралы өтініш пен құжаттарды қарау үшін комиссия | 0 теңге |
Қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия | кредит сомасының 2% + 10 000 теңге |
Мерзімінен бұрын өтегені үшін комиссия | 0 теңге |
** өнім бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – теңгемен жылдығы 19,9%-дан бастап 24,8%-ға дейін.
Комиссияларсыз кредиттеу шаралары
Сыйақы мөлшерлемесі | жылдығы 22,5%*** |
Қарыз алу туралы өтініш пен құжаттарды қарау үшін комиссия | 0 теңге |
Қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия | 0 теңге |
Мерзімінен бұрын өтегені үшін комиссия | 0 теңге |
*** өнім бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – теңгемен жылдық 25,0%
Ескерту: сыйақы мөлшерлемелері «Нұрбанк» АҚ Активтер мен пассивтерді басқару комитетінің шешімімен бекітілген (22.11.2024 ж. №147-1 хаттама).
Банктік қарыз келісімшарты бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда «Нұрбанк» АҚ-ның құқықтары мен жеке тұлға-қарыз алушының жауапкершілігі туралы хабарлама
Қарыз алушы Келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған және (немесе) лайықты орындамаған кезде Банк келесілерге құқылы:
- тұрақсыздық айыппұл (айыппұл, өсімақы) есептеуге
- қарыз алушының банктік шоттарында тұрған ақшаға өндіріп алу айналысын жүргізуге
- сотқа дейін өндіру және реттеу үшін берешекті коллекторлық агенттіктерге беруге
- талап арызбен сотқа және банктің ішкі құжаттарында қарастырылған басқа мәліметтерге жүгінуге құқылы екенін ескертеді
Толығырақ оқу
Егер қарыз алушы жеке тұлға болса, оның банктік қарыз келісімшарты (бұдан әрі — Келісімшарт) бойынша міндеттемені орындауды кешіктірген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде Банкке келуге және (немесе)) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі — Банктер туралы Заң) 36-бабының 1-1-тармағына сәйкес жазбаша түрде немесе Келісімшартта қарастырылған тәртіппен Келісімшарт бойынша міндеттемені орындауды кешіктіру себептері, кірістер және оның талаптарын өзгерту туралы өтінішін айқындайтын басқа да расталған жағдайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын өтінішті беруге міндетті.
Бұл ретте Банктер туралы заңның 36-бабының 1-1-тармағында қарастырылған қарыз алушы — жеке тұлғаның өтiнiшiн алған күннен кейiн он бес күнтiзбелiк күн iшiнде Банк қарыз алушы — жеке тұлға Келісімшарттың шарттарына жасауға ұсынған өзгерiстердi қарайды және жазбаша түрде немесе Келісімшарт та көзделген әдіспен қарыз алушы — жеке тұлғаға келесілерді хабарлайды:
1) Келісімшарт шарттарына енгізуге ұсынылған өзгертулермен келісетін;
2) Келісімшарт шарттарын өзгертуге қатысты өз ұсыныстарын;
3) бас тарту себептерінің уәждемелі негіздерін көрсете отырып, Келісімшарт шарттарын өзгертуден бас тартатынын.
Банктен Келісімшарт шарттарын өзгертуден бас тартатыны туралы шешімін алған жағдайда немесе Келісімшарт шарттарын өзгертуге байланысты өзара қолайлы шешімге қол жеткізе алмаған жағдайда, қарыз алушы — жеке тұлға Банктің шешімін алған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Банктің шешімі бойынша Банкті бір мезгілде хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы.
Қарыз алушы Банк туралы заңның 36-бабының 2-тармағына сәйкес Келісімшарт бойынша төлемдерді, оның ішінде мерзімі өткен берешекті жүзеге асыру қажеттілігі туралы Банктің талабын қанағаттандырмаған жағдайда, Банк Банктер туралы заңда көзделген шектеулерді ескере отырып, даусыз тәртіпте, оның ішінде қарыз алушының банктік шоттарында төлем талаптарын қою арқылы, ақшаны даусыз өндіріп алуға (егер мұндай өндіріп алу Келісімшартта қарастырылса) құқылы.
Қарыз алушы Келісімшарт бойынша төлемдерді, оның ішінде мерзімі кешіктірілген берешекті жүзеге асыру қажеттілігі туралы Банктің талаптарын қанағаттандырмаған, сондай-ақ қарыз алушы — жеке тұлға Банктер туралы заңның 36-бабының 1-1-тармағында қарастырылған құқықтарды жүзеге асырмаған немесе қарыз алушы — жеке тұлға мен Банк арасында Келісімшарт шарттарын өзгертуге қатысты келісім болмаған жағдайларда, Банк Банктер туралы заңның 36-бабының 2-1-тармағына сәйкес қарыз алушыға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Келісімшартта қарастырылған шараларды қолдануға, осыларды қоса, бірақ онымен шектелмей, берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге (егер Келісімшарт бойынша мұндай құқық Банкте болса), Банк туралы заңның 36-1-бабының 4-тармағында көрсетілген тұлғаға Келісімшарт бойынша талап ету құқығын (талапты) шегінуге, Келісімшарт бойынша берешек соманы өндіріп алу туралы талап-арызымен сотқа жүгінуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» Заңында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, кепiлге қойылған мүлiкке соттан тыс тәртiппен немесе сот тәртiбiмен өндiрiп алуға құқылы.
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)