Төлем карточкаларымен жұмыс жасауға пайдалы ұсыныстар
1. «Нұрбанк» АҚ-ның халықаралық төлем карточкалары — Қазақстан мен шетелдердегі қолма-қол ақшаның баламасы.
«Нұрбанк» АҚ-ның халықаралық төлем карточкалары — бұл есеп айырысудың заманауи құралы, ол сізге келесі мүмкіндіктерге жол ашады:
- есеп айырысу кезінде карточканың осы түрін қабылдайтын барлық уәкілетті ұйымдар мен кәсіпорындарда (сауда нүктелерінде) комиссиялық алым берместен, тауар мен қызмет үшін қолма-қол ақшасыз түрде төлем жасауға,
- қолма-қол ақша беретін банкілік орындар мен банкоматтар желісі арқылы қолма-қол ақша алуға,
- шетелге шығу кезінде төлем карточкасының шотындағы қаражатты мағлұмдамауға мүмкіндік алуға мүмкіндік береді,
- интернет желісінде тауарлар мен қызметтерге төлем жасауға.
2. «Нұрбанк» АҚ айналымға шығарып отырған төлем карточкаларының түрлері:
- VISA Gold
- VISA Platinum
- VISA Infinite
- VISA Business
3. Карточканың сыртқы көрінісі
Карточканың алдыңғы бетінде:
- 16 белгіден тұратын карточканың нөмірі
- карточканың жарамдылығы (әрекет ету мерзімі) аяқталатын күн (айдың соңғы күні қоса есептеледі)
- карточка иесінің тегі мен аты (дербес пайдалану карточкаларында)
- ХТЖ мен банктің логотиптері.
Карточканың артқы бетінде:
- қызметтік ақпараттар жинақталған магнитті сызық,
- карточка иесінің қолын қоюына арналған арнайы алаң,
- алаңдағы карточка нөмерлерінің соңғы 4 белгісі қол қоюға арналған,
- оның артынан үш белгілі тексеру сандары көрсетіледі (CVV/CVC), бұл сандар сәйкестендірудің қосымша құралы ретінде карточка иесінен сұралуы мүмкін,
- «Нұрбанк» АҚ-ның клиенттерін қолдау қызметінің мекенжайы мен телефоны.
4. Жеке сәйкестендіру нөмірі (PIN-код)
Төрт цифрдан тұратын PIN-код – бұл карточканы рұқсатсыз пайдаланудан сақтаудың қосымша құралы. PIN-код карточкамен бірге конвертте, жабық күйінде беріледі.
PIN- кодтың жасалу және қағазға бастырылу үдерісі PIN- кодты тек конвертті ашқан адамның ғана білетініне кепілдік береді. Карточка арқылы жүргізілетін операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында PIN- кодты үшінші бір тұлғаға хабарлауға, оны карточкаға жазып қоюға немесе жазбаны карточкамен бірге сақтауға тыйым салынады.
Сіздің PIN-кодыңыз — бұл сіздің ақшаңызға апаратын жол. PIN-кодты енгізу кезінде міндетті түрде Сіздің құпия цифрларды теріп жатқаныңызды біреудің аңдып тұрмағанына көз жеткізіп алыңыз. PIN- кодты жоғалтсаңыз, карточканы қайта шығаруға тура келеді.
Егер Сіз өз PIN-кодыңызды ұмытып қалсаңыз, түсініктеме алу үшін “Нұрбанк” АҚ-тың филиалына/кассалық есеп айырысу бөліміне келіңіз немесе Байланыс орталығының телефонына хабарласыңыз (727) 250-67-27.
PIN-кодты үш рет енгізе алмасаңыз, карточкаңыз бұғатталып қалады. Карточканы бұғатынан алу үшін “Нұрбанк” АҚ-қа келіңіз.
4-1. Төлем карточканың PIN-код-ын қалай ауыстыруға болады?
Төлем карточкасын ұстаушылар "Нұрбанк" АҚ-ның банкоматындағы төлем карточканың PIN-кодын ауыстыру қызметін пайдаланса болады.
Жаңа PIN-код үшін төрт санның кез-келген комбинациясын таңдауға болады. Алайда қауіпсіздік мақсатында:
- өзінің немесе жақын туыстарының туған күндерін PIN-код ретінде қоюға болмайды;
- бірдей сандардан тұратын (мысалы, 9999, 1111) төрт санды PIN-код ретінде қоймаған дұрыс;
- ретімен қолданылған сандар қатарын (мысалы, 8765 немесе 3456) PIN-код ретінде қолданбауды ұсынамыз.
5. Төлем карточкаларын қолдану
Карточкада жасалатын операциялар
Карточканы немесе карточка нөмірін пайдаланып жасалатын қолма-қол ақша алу, тауарлар мен қызметтер үшін төлем жасау, оларға тапсырыс беру немесе алдын ала сатып алу сияқты кез келген операцияны, карточкада жасалатын операциялар санатына қосуға болады.
Авторландыру
Карточка арқылы операция жүргізуге рұқсат алу үшін сауда нүктесі алынып отырған тауар сомасын авторландыруды Банктен немесе төлем жүйесінен сұратады. Авторландыру нәтижесінде сұратылған сома автоматты түрде карточка иесінің шотында бұғаттауға түсіп, оны одан ары пайдалану мүмкін болмай қалады.
Ақша сұратылған мәміле жасалмай қалғанда (жазбаша растамасы болғанда) ғана, немесе мәміле басқа сомаға (жекелей авторландыру сұратылған болса) жасалған кезде ғана авторландырудың күшін жоюға болады. Кейбір сауда нүктелері (қонақүйлер, көлік жалға беру орындары) карточка иесінің төлем қабілеттілігін кепілдендіру мақсатында қызмет көрсетпестен бұрын авторландыруды сұратуға құқығы бар. Бұл жағдайда авторландыру сомасы төлем жүргізілгендей төлем карточкасының шотында бұғатталады.
Карточка иесі карточканы клиенттің шотындағы қалдыққа тең келетін қолжетімді қалдық шеңберінде пайдалана алады. Клиент өз карточкасындағы қол жетімді қалдық туралы банктің банкоматынан “Балансты сұрау” операциясын жүргізу арқылы немесе банкке телефон соғу арқылы біле алады. Клиент қол жетімді қалдық соманың өзгерістерін өзі бақылап отыруы және сол қалдықтың шеңберінде операция жүргізуі тиіс. Егер сұратылған сома төлем карточкасындағы қолжетімді қалдықтан артық болса немесе банк операцияның заңсыз немесе алаяқтық деп есептеуге негізі бар болса, онда банк операцияны авторландырудан бас тарта алады.
Төлем карточкасының шотын толықтыру
Клиент төлем карточкасындағы шотты банктің филиалдары арқылы толықтыра алады. Төлем карточкасының шотын банктің кез келген офисі арқылы толықтырған кезде, қаражат төмендегідей қолжетімді болады:
- дереу (төлем карточкасын POS-терминал арқылы толықтырғанда),
- бір операциялық күн ішінде (клиенттің өтінішімен қолма-қол ақша енгізгенде).
Сіздің төлем карточкаңыздың деректемелерін білетін басқа адамдар да төлем карточканың шотын толықтыра алады.
Валюталық шотты тек қана карточка иесі, не болмаса сенім артылған тұлға теңгемен толықтыра алады. Ақша автоматты түрде айырбасталады.
Төлем карточкасы бойынша авторландырылған лимиттерді шектеу.
Банк төлем карточкасы бойынша операциялар жүргізуге лимиттер белгілейді (негізгі және/немесе қосалқы): карточкалық операциялардың кез-келген түріне және карточканы, сондай-ақ оның деректемелерін пайдалану арқылы операцияларды, оның ішінде «card to card» операцияларын жүргізу кезінде Шотта қол жетімді ең жоғары сомада.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде чиптік төлем карточкаларын пайдалану кезінде магниттік алаң бойынша карточкалық операциялар жүргізуге «әдепкі» тыйым орнатылған, егер Ұстаушы аталған шектеуді жою туралы берілген өтінішке сәйкес басқаша ескерілмеген болса.
Ұстаушы авторландырылған лимиттердің шектеуін алып тастау туралы өтінімге сәйкес өзгеше ескермеген болса, Интернет арқылы (электрондық сауда), телефон немесе пошталық тапсырыстар арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға «әдепкі» тыйым орнатылған.
Клиент Келісімшартта белгіленген тәртіпте банкке авторландырылған лимиттерді жоюға жазбаша өтініш беруге құқылы. Авторландырылған лимиттерді жою клиенттің Байланыс орталығына сәйкестендірілгеннен кейін ауызша жүгінуі негізінде, ерекше жағдайларда банктің уәкілетті органының шешімі бойынша рұқсат етіледі.
«Нұрбанк» АҚ-ның төлем карточкаларын пайдалану арқылы операциялар жүргізуге авторландырылған лимиттер (шектеулер) тәулігіне https://nurbank.kz/kz/retail/cards/limits
PIN-код
Банкоматтарда және де басқа электронды құрылғыларда, Сіздің карточка иесі ретіндегі құқығыңызды дұрыс терілген PIN-код анықтап береді, ол карточка иесінің қолын алмастырады. Операциядан кейін берілген түбіртекті бір жыл бойы сақтаған жөн. Банкомат шетелге валюта шығаруға рұқсат бермейтінін естен шығармаңыз.
Егер PIN-код қатарынан үш рет қате терілсе, карточка бұғатталып қалады. Ескертеміз! Және бір рет қате жіберілсе карта алынып қою мүмкін!
Операция бағамы
Шоттың есеп валютасынан басқа валютада жүргізілген операциялардың сомалары сол операция орындалған күнгі “Нұрбанк” АҚ-тың ішкі бағамы бойынша жүргізіледі, егер операция Банктің құрылғылары арқылы іске асса. Ал бөтен құрылғылар арқылы орындалған операциялардың сомасы ұлттық банкілердің орташа өлшемді бағамының негізіне сүйенген төлем жүйесінің бағамы бойынша жүргізіледі.
Басқа да жағдайлар
Банк өз бақылауында болмаған келесі жағдайларда: сыртқы жүйелер жұмысында ақаулар болса, сауда-қызмет кәсіпорындары карточканы қабылдаудан бас тартса, сондай-ақ карточка иесі немесе үшінші бір тұлға қателік жасаған жағдайлардың салдарынан карточканы пайдалану мүмкін болмағаны үшін банк жауап бермейді. Қосымша карточка бойынша жасалған операциялар үшін жауапкершілік негізгі карточканың иесіне артылады.
6. Карточканы жоғалтқанда
Сіз карточкаңыздың жоғалып қалғанын білген сәтте, асықпаңыз, абдырамаңыз, карточканы соңғы рет қай жерде пайдаланғаныңызды еске түсіруге тырысыңыз.
Егер карточканы мүлдем жоғалтқаныңызға немесе ұрлатқаныңызға сенімді болсаңыз, онда тез арада Байланыс орталығының мына нөміріне (727) 250-67-27 телефон соғып, Банкке бұл жағдайды хабарлаңыз.
Бұл арада бастысы — жылдамдық: әккі алаяққа бірнеше сағат жетіп жатыр, Сіздің шоттағы бар қаражатты оп-оңай жұмсап жібереді.
Ұрлатып алсаңыз, міндетті түрде жергілікті полицияға шағымданыңыз.
Егерде Сіз бұрын жоғалды немесе ұрланды деп жариялаған карточкаңызды аяқ асты тауып алсаңыз, онда Сіз ыңғайсыз жағдайға душар болмас үшін бұл туралы тезірек Банкке хабарлаңыз.
Есіңізде болсын, Банкке ресми хабарлама жасағанға дейінгі Сіздің карточкаңыз бойынша атқарылған барлық операциялар үшін жауапкершілік Сізге артылады.
Негізгі карточканы жоғалтып алған, қосымша карточкаларды ұстаушылар, олардың мерзімділігі аяқталғанша пайдалана алады. Жоғалған карточкаларды қайта шығару үшін оның иесінен қолданыстағы тариф бойынша тиісті сома ұсталып қалады.
7. Карточка алынатын жағдайлар
Сіз карточка бойынша төлем жасап жүрген сауда, қызмет немесе банк мекемесінің қызметкерлері карточкаңызды алып қою мүмкін. Мұндай жағдайда Сіз оның себебін анықтау үшін «Нұрбанк» АҚ-қа жүгініңіз.
Сондай-ақ карточканы келесі жағдайларда банкомат та алып қою мүмкін:
- PIN-код үш реттен артық қате терілсе,
- банкомат терминалындағы нұсқаулықты ұстанбаса немесе сондағы талапты қате орындаса,
- банкомат нұсқаулық бергеннен соң шешім қабылдай алмай, ұзақ ойланып қалғанда (25-30 секундтан артық), мұндайда, банкоматтың қабылдау құрылғысында ұзақ тұрған карточка, клиент ұмытқан деп есептеледі,
- механикалық немесе электромагнитті жолмен бүлінген карточканы пайдаланса,
- алынсын (ұрланған, жоғалған) деген белгі қойылған карточканы пайдаланса.
Алдымен карточканы «ұстап қалу» шынымен-ақ орын алды ма, соны біліп алған жөн; банкомат басқа да бірнеше себептерге байланысты ұзақ уақыт күттіріп қою мүмкін.
Егер банкомат мониторға хабарлама шығарып, өзінің келесі клиентке қызмет көрсетуге дайын екенін білдірсе, онда карточканы банкоматтың ұстап қалғаны. Мұндай кезде ең алдымен бұл туралы «Нұрбанк» АҚ-қа хабарлаңыз, сонымен қатар, банкоматты орнатқан банкпен немесе ұйыммен байланысыңыз (банкомат иесінің координаталары әдетте оның жақтаушасында көрсетіліп тұрады).
Банкпен байланысып, жағдайды түсіндіріп, карточкаңызды кері алуға болатын уақытты анықтап алуыңыз қажет. Ал, егер карточкаңызды «Нұрбанк» АҚ-тың иелігіндегі емес банкомат ұстап қалса, оның әрекетін тоқтатқаныңыз абзал.
Карточканы алу үшін Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек. Арнайы өтініш жазуға тиістісіз, жеке басыңызды анықтап алу үшін қойылған бірнеше сұраққа жауап беруіңіз мүмкін.
Егер карточка шетелде алынып қойса, Байланыс орталығының телефоны +7 (727) 250-67-27 арқылы «Нұрбанк» АҚ-қа жүгініп, оператордан алып қою себебін анықтаңыз. Операторға Банктің атауын/карточканың алынған орнын, басқа да мәліметтерді хабарлаңыз. Оператор Сіздің ары қарай не істеуге тиіс екеніңізге нұсқау береді.
8. Егер Сіз шоттан қажет болғаннан көп соманың алынып қойғанын байқап қалсаңыз.
Әдетте, мұндай жағдай төлем карточкасы шотының валютасы мен операция жасалған валюта әртүрлі болған кезде орын алады. Бұл орайда мынаны есте ұстаған жөн: шоттан ақша алу операция жасалған күні жүргізілмейді, және есептеу кезінде валютаның операция жасалған күнгі бағамы емес, есеп айырысу күнгі бағамы қолданылады. Әдетте, мұндай операция жасалғаннан кейінгі 3-14 күн аралығында орын алады, алайда кейде бұдан да ұзақ мерзімді қажет етеді (30 күнге дейін, әсіресе операция шетелде жасалса).
Валюта бағамы тұрақсыз елдерде карточкада жасалған операциялар кезінде алынатын сома Сіз күткеннен басқаша болуы мүмкін.
Клиент өз карточкасындағы қол жетімді қалдық туралы Банктің банкоматынан “Балансты сұрау” операциясын жүргізу немесе Банкке мына телефон нөмері арқылы хабарласып, біле алады: +7 (727) 250-67-27. Жеке басты анықтау үшін Сізден қосымша ақпараттар (код сөзі, төлқұжаттық мәліметтер) сұралуы мүмкін, сондай-ақ “SMS-хабарлама” қызметінің көмегімен де бұл шараны іске асыруға болады.
Клиент қол жетімді қалдық соманың өзгерістерін өзі бақылап отыруы және сол қалдықтың шеңберінде операция жүргізуі тиіс. Төлем карточкасының шотының жазбаларын үнемі алып тұрыңыз және онда көрсетілген операцияларды тексеріп отырыңыз. Егер Сіз орындамаған операциялардың болғанын анықтасаңыз, өзіңіздің Қосымша офисіңізге / филиалға келіп, күмәнді операциялардан бас тартатыныңыз туралы өтініш беріңіз.
Банкомат Сіз сұратқан соманы бермеуі мүмкін (мұндай жағдай өте сирек).
Бұл келесі себептерге байланысты орын алуы мүмкін:
- Сіздің карточкаңыздағы қаражат жеткіліксіз,
- банкоматтағы қаражат жеткіліксіз,
- үлкен номиналды купюралар жетіспейді — аз сомадан бірнеше рет алыңыз,
- байланыс үзілсе — мұндайда банкомат істемейтінін білдіретін жазу жанады.
Банкоматтағы операция қате аяқталса және Сіздің төлем карточкаңыздағы шоттан сома алынып қойса, Сіз «Нұрбанк» АҚ-қа байланысып, болған жайды хабарлауыңыз қажет.
9. Пайдалы кеңестер
- Ешқашан PIN-кодты карточкаға жазбаңыз, оны карточкамен бірге сақтамаңыз.
- Ешкімге PIN-кодыңызды хабарламаңыз.
- Банкоматтан қолма-қол ақша алғанда, PIN-кодты тергенде, бөтен кісілердің бақылауына жол бермеңіз, сонымен қатар танымайтын кісінің көмегіне жүгінбеңіз.
- Өз карточкаңыздың және Банктің телефон нөмірін жазып алыңыз, бұл мәліметті өзіңізбен ала жүріңіз.
- Сіз өз карточкаңызға қолма-қол ақшаға қарағандай қараңыз: карточканы көлікте немесе қонақүйде қалдырмаңыз.
- Карточканы сақтаудың қарапайым ережелерін сақтаңыз — карточканы ыстықтан, электромагнит немесе механикалық әсерлерден қорғаңыз.
- Операция аяқталғаннан кейін карточкаңызды алуды ұмытпаңыз. Сізге қайтарылған карточканың өзіңіздікі екеніне көз жеткізіп алыңыз.
- Төлем чегіндегі соманың дұрыс көрсетілгенін тексеріңіз.
- Карточканы үшінші тұлғаға бермеңіз. Үшінші тұлғаның карточканы пайдалануын банк ереженің өрескел бұзылуы деп есептейді және оның себебінен банк бастамасымен Келісімшарт бұзылуы әбден мүмкін.
- Лотереяға, жарнамалық акцияларға қатысу үшін және телемаркетинг кезінде Сіз карточкаңыздың нөмірін жасыңыздың растамасы ретінде бермеңіз. Карточкаңыздың нөмірін ең сенімді серіктестеріңізге ғана ашыңыз.
- Жоғалған немесе ұрланған деп жарияланған карточканы пайдаланбаңыз.
- Сіздің карточкаңыз бойынша тауар мен қызмет үшін төлем жасау кезіндегі операцияларды Сіздің көзіңізше жүргізуді талап етіңіз және оны бақылап тұрыңыз. Тіптен бір сәтке де көзден таса етпеңіз. Бұл сіздің көзден тасада Сіздің карточкаңызбен жасалатын алаяқтық істің (Сіз жасамаған операция бойынша қосымша слип жүргізу, магниттік сызықшаны түгелдей көшіріп алып, карточканың көшірмесін жасап алу және т.б.) алдын алуға өте қажетті шара.
- Сапарға шығар алдында міндетті түрде Банктің банкоматынан немесе Байланыс орталығына телефон шалып, қолжетімді балансты тексеріп алыңыз.
- Егер Сізге кассир немесе сауда нүктесі сенімсіздеу болып көрінсе, төлем үшін карточканы қолданбаңыз. Әсіресе, тәуекелі жоғары елдерде (Таиланд, Тайвань, Австралия, Австрия, Албания, Белоруссия, Бельгия, Болгария, Босния, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Египет, Израиль, Индия, Ирландия, Испания, Италия, Канада, Катар, Кипр, Қытай, Корея, Косово, Латвия, Литва, Мальдивы, Молдова, Монтенегро, Нигерия, Нидерланды, Норвегия, Біріккен Араб Әмірліктері, Пакистан, Польша, Португалия, Ресей Федерациясы, Румыния, Сербия, Гонконг, Индонезия, Малайзия, Мексика, Сингапур, Украина, Жапония, Словакия, Словения, АҚШ, Тунис, Түркия, Филиппиндер, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция, Шри-Ланка, Эстония, Эфиопия) карточканы абайлап қолданыңыз, өйткені бұл елдерде төлем карточкаларымен жасалатын алаяқтық күшті дамыған.
- Төлем чектеріңіздің көшірмесін сақтап, оны төлем карточкасы шотының төлем қағаздарымен салыстырып отырыңыз.
Phishing (фишинг) — карточкамен жасалатын алаяқтықтың бір түрі.
Кейінгі кездері эмитент банктердің немесе халықаралық төлем жүйелерінің атынан электронды пошталар арқылы эмитент банкте төлем карточкасының мәліметтері жоғалып кеткені туралы хабарламалар тарату жиілеп кетті. Ол хаттарда құпия мәліметтерді қалпына келтіру үшін карточка иесі Интернет-сайтта көрсетілген нұсқауды орындауы тиіс екені хабарланады.
Карточка ұстаушы нұсқаулықты басқанда, банктің ресми сайтының дәлме-дәл («айнасы») көшірмесіне түсіп кетеді, ол арада «жүйенің техникалық ақаулығы себебінен» жойылып кеткен жеке мәліметтерді енгізу сұралады: төлем карточкасының нөмірі, идентификатор, құпия сөз, кейде тіптен PIN-код! Осы мәліметтерді жиып алған алаяқтарға карточкада сақталған барлық ақша Интернет-дүкендер арқылы сауда жасау үшін қолжетімді болып шыға келеді.
Алаяқтықтың phishing(фишинг) деп аталатын бұл түрі өте қауіпті, өйткені идентификаторлар, құпия сөздер мен PIN-кодтар қолданылып жасалған операциялардың заңсыз екенін дәлелдеу мүмкін емес. Бұл арада бар күнә карточка ұстаушыға артылады. Осындай жолмен жалған сайттарға дүние жүзі бойынша жарты миллионнан артық карточка иелері карточка нөмірлері мен құпия мәліметтерді беріп қойған.
Назар аударыңыз! «Нұрбанк» АҚ еш жағдайға қарамастан, электронды пошта арқылы құпия мәліметтерді сұрамайды.
Скимминг — карточкаға жасалатын алаяқтықтың түрі
Арнайы жасалған электронды құрылғылар бар, олар банкоматтарға орнатылып, карточка нөмерін, сонымен бірге PIN-кодты оқып, тіркеп отыруға мүмкіндік береді. Мұндай құрылғылар банкомат бөлшектеріне асқан шеберлікпен жасырылады. Оқығыш құрылғы карточка салынатын ұяшықтың үстіне бекітіледі де, жақын арада тұрған қылмыстық топ мүшелеріне мәліметтерді жеткізіп тұрады.
Бұдан басқа, бейне камералар қолданылады, оларды ақпарат/жарнама кітапшаларына арналған жәшікшелердің астына банкоматтың пернетақтасында теріліп жатқан PIN-кодты түсіріп алатындай етіп орналастырады (төмендегі фотосуретке қараңыз). Қажетті мәліметтерді алып алған және PIN-кодты біліп алған алаяқтар жалған карточка жасап, банкоматтар арқылы банк шотындағы ақшаны шығарып алады. Егер Сіз банкоматтан осыған ұқсас құрылғыларды байқап қалсаңыз, онда сіз бұл банкоматты шоттан ақша қаражатын алу үшін пайдаланбаңыз, оның жақтауында көрсетілген телефонға хабарласыңыз.
Оқығыш құралды банкоматқа карточка салатын ұяшықтың үстіне орналастыру.
Оқығыш құрал орнатылған банкоматтың көрінісі.
Кітапшалар салынатын жәшікшенің астына жасырылған камера.
Сіздің PIN-код теріп жатқаныңызға «сығалап» тұратын камера орнатылған банкоматтың көрінісі.
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)