Visa Business
Іскери адамдарға арналған корпоративтік өнім.
«Нұрбанк» АҚ-ның Visa Business корпоративтік карточкасы:
Заңды тұлғаларға және мемлекеттік мекемелерге — «Нұрбанк» АҚ-ның жалақылық жобасына қатысушыларға, Банктің корпоративтік клиенттеріне арналған.
«Нұрбанк» АҚ-ның Visa Business корпоративтік карточкасын қалай алуға болады?
Заңды тұлғаның корпоративтік карточкасын шығару туралы құжатта көрсетілген сенім артылған тұлғасы (Ұйымның жұмыскері) ғана «Нұрбанк» АҚ-ның Visa Business корпоративтік карточкасын ұстаушысы болуы мүмкін. Visa Business корпоративтік төлем карточкасының ұстаушылар саны мен тізімін Ұйымның басшылығы белгілейді, Банк ұстаушылар саны мен тізіміне шектеу қоймайды.
Негізгі артықшылықтары:
- жұмыскерлердің іссапарға баруына байланысты шығыстарын ҚР аумағында – теңгемен, шетелге шығатын іссапар бойынша – шетел валютасында қолма-қол ақшасыз төлемдер;
- заңды тұлғаның негізгі қызметіне байланысты қолма-қол ақшасыз операциялар – ҚР аумағында теңгемен жүзеге асырылады;
- Кеден бекеттерінде орнатылған POS-терминалдар арқылы қолма-қол ақшасыз кедендік төлемдер;
- ҚР аумағында – теңгемен және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде – шетел валютасымен өкілдік сипаттағы шығындарды қолма-қол ақшасыз төлемдер;
- заңды тұлғаның ҚР аумағындағы шаруашылық қызметіне байланысты ҚР аумағында есептесулер үшін қолма-қол қаражаттарды теңгемен алу, сондай-ақ жұмыскерлердің ҚР аумағындағы іссапарларына байланысты шығыстарды төлеу;
- Шетелдік іссапарлар бойынша шығыстарды төлеу үшін ҚР аумағынан тыс жерлерде шетел валютасын қолма-қол алу.
Төлем карточкаларын қолдану ережелері (.pdf)
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)