Рейтингтер
Беделді халықаралық S&P Global Ratings рейтинг агенттігі «Нұрбанк» АҚ рейтингтік болжамын «Тұрақтыдан» «Жағымдыға» дейін көтерді.
Агенттік сарапшылары RAC коэффициенті (капиталдың жеткіліктілік коэффициенті) 6,5-6,8% деңгейінде болады деген бұрынғы болжамдармен салыстырғанда 2024-2025 жылдары тұрақты түрде 7,0%-дан асады деп болжайды. Рейтингтің «Жағымды» болжамы сонымен қатар S&P сарапшыларының алдағы 12-18 айда қаржы институты рейтингінің жоғарылауы мүмкін деген болжамдарын айқын көрсетеді.
«Ықпалды халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігінің «Нұрбанк» АҚ-ның сенімділік рейтингінің болжамын «Тұрақтыдан» «Жағымдыға» дейін қайта қарауы банкте капиталдың жеткілікті қоры бар екенін және өтімділік деңгейінің жоғары екенін растайды.
Агенттік сарапшыларының жалпы алғанда жағымды үміттері банктің тұрақтылығын және таңдаған бағыттың тиімділігін, сондай-ақ қазіргі нарық жағдайында банк басшылығы қабылдаған стратегиялық шешімдердің дұрыстығын көрсетеді», - деп түсіндірді «Нұрбанк» АҚ Басқармасының Төрайымы Гульнара Мусатаева.
Standard and Poor’s
B- | Контрагенттің ұзақ мерзімді рейтингі |
B | Контрагенттің қысқа мерзімді рейтингі |
Жағымды | Рейтинг болжамы |
kzBB | Ұлттық межелік бойынша рейтингі |
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)