Басқарма
Басқарма — банктің ағымдағы қызметін басқаратын алқалы атқарушы органы болып табылады. Банктегі корпоративті басқаруды қалыптастырудағы маңызды ұстанымға ие бола отырып, Басқарма өз құзыреті шегінде корпоративті басқару қағидаттарының орындалуын және бақылауын қамтамасыз етеді. Банк Басқармасының мүшелері банктің немесе оның еншілес және тәуелді ұйымдарының жарғылық капиталына қатысу үлестерін иемденбейді.
Басқарма ТөрайымыМусатаева Гульнара Абаевна Мусатаева ханым Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. Оның еңбек қызметі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және ҚР ірі коммерциялық банкі сияқты ұйымдармен байланысты. 23.05.2011 жылдан бастап —«Нұрбанк» АҚ Басқарушы директоры —Басқарма мүшесі, 02.12.2020 жылдан бастап – «Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрайымының орынбасары – Басқарма мүшесі. |
||
Басқарма төрағасының орынбасарыМажуга Алексей Николаевич М.Қ. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 1999 жылы құрылысшы-инженер мамандығы, 2002 жылы – ағылшын тілін меңгерген экономис мамандығы білім алған, оған қоса юриспруденция саласында да білімі мен аудитор біліктігі бар. Банк саласындағы мансабын 1999 жылдан, Еуропа қайта құру және даму банкте (ЕҚҚДБ) кредиттік сарапшы мамандығынан бастаған. Кейінгі жылдары бөлшек сауда бизнесі бөлімінің маманынан бөлім бастығына өсіп, «БТӘ Банк» АҚ өңірлік филиалы директорының бөлшек сауда бизнесі жөніндегі орынбасары лауазымына дейін жетті. 2008-2009 жылдары «Нұрбанк» АҚ-тың өңірлік филиалын басқарған. 2009-2022 жылдары «Нұр Лизингі» лизингі компаниясының бас директоры қызметін атқарған. Қазіргі уақытта ол «Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары —Басқарма мүшесі лауазымында ұтымды шешімдерді енгізе отырып, корпоративтік бизнес блогі, шағын және орта бизнес бағыттарын қадағалайды. |
||
|
Қаржылық директорНұрбек Қабылбекұлы Толымбеков Нұрбек Қабылбекұлы 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің бакалавриатын «Бизнестегі ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірді, 2003 жылы Магистр дәрежесіне қол жеткізді Еңбек жолын жоғарғы сыныптардағы информатика және математика пәндерінің мұғалімі ретінде бастады, осыдан кейін ол қызмет саласын ауыстырып, 2005 жылдан банктік сектордағы карьерасын бастап кетті. «Альянс Банк» АҚ, «Шинхан Банк Казахстан» АҚ, «ForteBank» АҚ секілді ұйымдарда қазынашылық, тәуекел-менеджменті, бухгалтерлік есеп, қаржылық талдау, бюджеттендіру және бақылау бағыттарындағы әртүрлі жұмыстарды атқарды. Толымбеков мырза 2023 жылдан бері «Нұрбанк» АҚ-да қаржылық блокқа жетекшілік етеді. |
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)