Бос жұмыс орындары
Түйіндемеңізді bank@nurbank.kz пошта жәшігіне жіберуіңізге болады
Бас кеңседегі бос орындар | |
---|---|
Бос жұмыс орындары: | Біліктілік талаптары: |
Жобалар және үдерістерді автоматтандыру департаменті Үдерістерді автоматтандыру басқармасы Бас маман |
Міндеттері: - Банктің үдерістері мен операцияларын автоматтандыру үшін Банк бөлімшелеріне техникалық тапсырмаларды әзірлеу. - Басқарма автоматтандырған Банктің үдерістері мен операцияларын автоматтандыру бойынша жобалық топтардың жұмысына қатысу (технологияны анықтау, автоматтандыру бойынша тапсырмаларды әзірлеу және бекіту, тестілеу). - Бизнес иесі Басқарма болып табылатын қолданбалы автоматтандырылған жүйелерде жаңа және бар өнімді баптау параметрлерін өзгерту бойынша баптау жұмыстарын жүргізу. - Жобаңа әкімшілік жүргізу үдерісінде тікелей басшы/Комитет/ Банк басшылығы үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді әзірлеу/жетілдіру жобаларының жағдайы туралы есептерді дайындау. - Жоба жұмысының шеңберінде: 1. Жобаны іске асыруды ұйымдастыру, үйлестіру, қатысу және мониторинг жасау. 2. Жұмысты жоспарлауға қатысу. 3. Жобалық іс-шаралар шеңберінде бекітілген ІНҚ сәйкес жобалық қызмет мәселелері бойынша Банктің әкімшілік құжаттарын әзірлеу. 4. Жобалау жұмысының жобалық іс-шаралар шеңберінде бекітілген ІНҚ сәйкестігі бойынша Банктің басқа бірлескен кәсіпорындары әзірлеген Банктің әкімшілік құжаттарын мақұлдау. 5. Ауытқулардың және/немесе сәйкессіздіктердің болуына, сондай-ақ олардың жобаны іске асыру сапасына әсер ету дәрежесіне қарай жобаны іске асыру нәтижелеріне кейінгі талдауды жүргізу. Сәйкессіздіктер/кемшіліктер анықталған кезде жоба бойынша түзету әрекеттерін/шараларын әзірлеу. Білімі: - жоғарғы экономикалық/қаржылық/техникалық/математикалық білім. Жұмыс тәжірибесі: - банктік немесе қаржылық құрылымда кемінде 2 жыл. Ілімі: - барлық офистік бағдарламаларды білу және жұмыс істеу біліктілігі. |
Жобалар және үдерістерді автоматтандыру департаменті Озық технологиялар басқармасы Бас менеджер |
Міндеттері: - Қазақстан Республикасында да, шетелде де клиенттерге банктік қызмет көрсетудің жаңа технологияларының аналитикалық зерттеулерінің нәтижелерін дайындау және жаңа жобаларды бастау арқылы үдерістерді автоматтандыру және жаңа бағдарламалық қамтаманы енгізу бойынша ұсыныстарды қалыптастыру. - Банктің операциялық үдерістерін және клиенттерге қызмет көрсетуді автоматтандыру жүйелері мен қызметтерін әзірлеуді, енгізуді және одан әрі дамытуды үйлестіру, қолдау көрсетілетін жүйелер бойынша техникалық деректердің уақтылы толтырылуын бақылау. - Жобалық құжаттаманы құжаттамалық қамтамасыз етудің толықтығын қамтамасыз ету және бақылау. - Банк жүйелері мен сервистерін одан әрі дамытуды жоспарлау және бақылау, қызмет көрсетудің күтілетін деңгейіне SLA (Қызмет (қызметтер) көрсету деңгейі туралы келісім) келісімшарттар дайындау және өз жобалары бойынша аталған деңгейді қолдау. - Банктің ақпараттық технологиялары мен жүйелерін дамыту жоспарынан ауытқу немесе ондағы қателер анықталған жағдайда, қажетті түзетулер енгізу, ал жұмысты белгіленген мерзімде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда, Басқарма басшысымен және/немесе жоба бағытының басшысымен келісу және жұмыс жоспарына (Тапсырма) қажетті түзетулерді енгізу. - Банктің ресми сайтында Клиенттерге арналған қашықтан банктік қызмет көрсету жүйелері (бұдан әрі – ҚБҚК) туралы ақпаратты жаңарту. Білімі: - жоғарғы техникалық немесе экономикалық білім; - жоғарғы (іштегі үміткерді ауыстырған кезде). Жұмыс тәжірибесі: - банктік және/немесе ақпараттық технология саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 2 (екі) жыл. Ілімі: - еңбекті қорғау, еңбекті ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін білу; - Қазақстан Республикасының банктік заңнамасын білу. |
Жобалар және үдерістерді автоматтандыру департаменті Бизнес үдеріс менеджмент басқармасы Бас маман |
Міндеттері: - Банктің жетекші лауазымды тұлғасы/уәкілетті органы мақұлдаған ҚБ-ның негіздемелі сұраныстары негізінде BPMN (The Business Process Modeling Notation, бизнес-үдерістерді модельдеуге белгі қою) форматындағы бизнес-үдерістерді сипаттау. - Бизнес-үдерістерді әзірлеу және Банктің ҚБ-ге бизнес-үдерісті аяқтаудың ықтимал нұсқалары және олардың бір-бірімен өзара әрекеттесуіне қатысты ұсыныстар беру. - Бизнес-үдерістер менеджментін басқару бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ІНҚ әзірлеу және жаңарту. - Жоғары мамандандырылған құжаттар мен келісімшарттардың типтік формаларын қоспағанда, бизнес-үдерістің сипаттамасын, ББ/филиалдардың ҚБ туралы ережелерді және ББ/филиалдардың ҚБ жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, Банктің уәкілетті органдары мен комитеттері туралы ережелердің сипаттамаларын қамтитын барлық құжаттар жобаларын мақұлдау. - Lotus Notes жүйесінде «Нормативтік құжаттар» дерекқорын жүргізуге байланысты, «Ұйым құрылымы» Базасының «Топтар» бөлімін жүргізуге/жаңартуға байланысты жұмыстарды жүргізу. Білімі: - жоғарғы экономикалық/қаржылық/техникалық/заң саласындағы білім. Жұмыс тәжірибесі: - банктік немесе қаржылық құрылымда кемінде 2 жыл. Ілімі: - еңбекті қорғау, еңбекті ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін білу; - Қазақстан Республикасының банктік заңнамасын білу. |
Бөлшек сауда бизнесі департаменті Сатылымдар басқармасы Өңірлік менеджер |
Міндеттері: - Бөлшек сауданы кредиттеу өнімдерін (классикалық және тауарлық кредиттер) және жеке бөлшек сауда депозиттерін (MASS және VIP сегменттері) өзіне бекітілген аймақтарда таныстыру және сату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. - Бөлшек сауданы кредиттеу өнімдерін (классикалық және тауарлық несиелер) және бөлшек сауда бизнесі депозиттерін (MASS және VIP сегменттері) ұсыну, өтінім беру және сату жөніндегі Банктің уәкілетті органы бекіткен жоспарларды филиалдарға жеткізу. - Банктің уәкілетті органы бекіткен, бөлшек сауданы кредиттеу өнімдерін (классикалық және тауарлық несиелер) және бөлшек сауда бизнесінің депозиттерін (MASS және VIP сегменттері) жеке тұлғалардың комиссиялық кірістерін ұсыну, өтінім беру және сату бойынша жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету. - Бөлшек сауданы кредиттеу өнімдерін (классикалық және тауарлық несиелер) және бөлшек сауда бизнесі депозиттерін (MASS және VIP сегменттері) таныстыру және сату жоспарларын Филиалдардың орындауына күнделікті мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету. Білімі: - Жоғарғы экономикалық/қаржылық/маркетингтік/математикалық/заң саласындағы білім. Жұмыс тәжірибесі: банктік немесе қаржылық салада кемінде 2 жыл. Ілімі: - ішкі банктік нормативтік құжаттарды білу; - бөлшек сауданы кредиттеу өнімдері мен депозиттері туралы білу; - сату техникасын меңгеру; - келіссөздер жүргізу техникасын меңгеру; - тұсаукесерді әзірлеу және өткізу біліктілігі; - шешім қабылдауға қажетті ақпаратты жинау мен талдау біліктілігі; - жоспарлау біліктілігі; - өкілдік ету біліктілігі. |
Бөлшек сауда бизнесі департаменті Сатылымдар басқармасы Теле маркетинг бөлімі Бас менеджер |
Міндеттері: - Бөлшек сауда өнімдері мен қызметтерін телефон, оның ішінде Банктің ішкі базасын пайдалану арқылы, бірақ олармен шектелмей сату, сондай-ақ Баламалы сату арналары (бұдан әрі – ASP) – телекоммуникация құралдарын (телефон, интернет, SMS және т.б.) пайдалана отырып, бөлшек сауда өнімдері мен қызметтерін сату арналары арқылы сату. - Кредитке өтінім беруді бастау және банктік бөлшек сауда өнімдері мен қызметтерін сатуға арналған клиенттердің өтінімдерін өңдеу үшін сыртқы қоңырауларды қабылдау. - Банктің уәкілетті органы бекіткен бөлшек сауданы кредиттеу өнімдеріне (классикалық және тауарлық несиелер) өтініштер мен өткізу жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету. - Баламалы сату арналары арқылы клиенттерге қызмет көрсетудің автоматтандырылған жосықтарын тестілеуге және енгізуге қатысу. - Баламалы сату арналары арқылы клиенттерге қызмет көрсетумен айналысатын бөлімдердің/филиалдардың жауапты қызметкерлерін және телефон арқылы сату жолымен тартылған клиенттерді оқыту және кеңестік қолдау көрсетуге қатысу. - Баламалы сату арналары арқылы бөлшек сауда өнімдерін сатумен және клиенттерге қызмет көрсетумен айналысатын Банк бөлімшелерінің қызметін реттейтін Банктің нормативтік құжаттарын әзірлеу және жетілдіру. - Банк қабылдаған ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты болу; - Функционалдық міндеттері шеңберінде өзара әрекеттесетін үшінші тұлғалардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындауын, оның ішінде үшінші тұлғалармен келісімдер мен келісімшарттарға осы талаптарды енгізуді бақылайды. Білімі: - жоғарғы білім. Жұмыс тәжірибесі: - банктік немесе қаржылық құрылымда кемінде 1 жыл. Ілімі: -барлық стандартты офистік бағдарламаларды білу жұмыс істей алу; - банктік өнімдердің/қызметтердің түрлері және оларды ұсыну ерекшеліктері туралы жалпы түсінігі болуы; - сату техникасын меңгеру; - келіссөздер жүргізу техникасын меңгеру. |
Бөлшек сауда бизнесі департаменті Әдіснама және өнім әзірлеу басқармасы Депозиттер бөлімі Бас менеджер |
Міндеттері: - «Нұрбанк» АҚ (бұдан әрі – Банк) стратегиясына, клиенттердің қажеттіліктеріне және нарық жағдайға сәйкес бөлшек сауданың депозиттік өнімдері бойынша бөлшек сауданың депозиттік өнімдерінің тарифтерін әзірлеу, енгізу және жетілдіру. - Айына кемінде бір рет маркетингтік зерттеулердің нәтижелері бойынша бәсекелес банктердің және басқа да қаржы ұйымдарының бөлшек сауданың депозиттік өнімдерінің шарттарын талдау. - Бөлшек сауданың депозиттік өнімдерді техникалық жүзеге асыру қажетті бизнес-талаптарды әзірлеу. - Жеке тұлғалардың депозиттерін (MASS және VIP сегменттері) тарту бойынша Банк қызметіне қатысты ішкі нормативтік және әкімшілік құжаттарды әзірлеу, жаңарту, стандарттау және үйлестіру. Білімі: - жоғарғы экономикалық/қаржылық/маркетингтік білім. Жұмыс тәжірибесі: - банктік немесе қаржылық құрылымдағы жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл. Келесі бағыттардың бірінде нақты жұмыс тәжірибесінің болғаны абзал: - бөлшек сауданың депозиттік өнімдерін әзірлеу; - бөлшек сауда бизнесі клиенттеріне (жеке тұлғалар) есеп-кассалық қызмет көрсету. Міндетті ілімдер: - банктік заңнаманы және Бөлімнің қызметіне қатысты ҚҚК мен ҚР ҰБ-ның нормативтік құқықтық актілерін білу; - бөлшек сауданың банктік депозиттік өнімдерін білу; - барлық офистік бағдарламаларды тәжірибелі пайдаланушы деңгейінде білу және жұмыс істеу біліктілігі; - банк саласындағы кәсіптік теориялық ілімдер мен практикалық дағдыларды меңгеру; - келіссөздер жүргізу техникасын меңгеру; - тұсаукесерді әзірлеу және өткізу біліктілігі; - шешім қабылдауға қажетті ақпаратты жинау мен талдау біліктілігі. |
Бөлшек сауда бизнесі департаменті Әдіснама және өнім әзірлеу басқармасы Классикалық кредиттер бөлімі Бас менеджер |
Міндеттері: - Классикалық кредиттеудің бөлшек сауданың кредиттік өнімдерін дамыту және жетілдіру саласындағы шараларды әзірлеу. - Банк стратегиясына, клиенттердің қажеттіліктеріне және нарық жағдайына сәйкес классикалық кредиттеудің бөлшек сауданың кредиттік өнімдерінің шарттары мен тарифтерін әзірлеу, енгізу және жетілдіру. - Айына кемінде 1 рет маркетингтік зерттеулердің нәтижелері бойынша бәсекелес банктердің және басқа да қаржы ұйымдарының классикалық кредиттеудің бөлшек сауданың кредиттік өнімдерінің шарттарын талдау. - Классикалық кредиттеудің бөлшек сауданың кредиттік өнімдерін техникалық жақтан іске асыру үшін бизнес талаптарды әзірлеу. Білімі: - жоғарғы экономикалық/қаржылық/маркетингтік білім. Жұмыс тәжірибесі: - банктік немесе қаржылық салада кемінде 2 жыл. Келесі бағыттардың бірінде нақты жұмыс тәжірибесінің болғаны абзал: - банк секторына арналған кредиттік өнімдерді әзірлеу саласында; - бөлшек сауда бизнесі клиенттерін кредиттеу саласында. |
Проблемалы кредиттер департаменті Корпоративтік бизнестің проблемалы кредиттері басқармасы Жетекші менеджер |
Міндеттері: - Қарыз алушылардың/кепілгерлердің қаржы-шаруашылық қызметін талдауға және Банктің тиісті Уәкілетті органының/комитетінің шешімі бойынша Басқармаға берілген проблемалық кредиттер (бұдан әрі – «Проблемалы кредиттер») бойынша өндіріп алуға болатын мүлікті анықтауға қатысу. - Банктің Уәкілетті органының/комитетінің қарауына кепілдікті соттан тыс сату, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес қарыз алушылардың/кепілгерлердің Банк алдындағы берешегін сот тәртібімен өндіріп алу шараларын жүргізу туралы ұсыныстар енгізу. - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және Банктің ішкі нормативтік/әкімшілік құжаттарының талаптарына сәйкес Проблемалық кредиттер бойынша кепілзаттық мүлікті соттан тыс тиісті түрде сатуды қамтамасыз ету. - Проблемалық кредит бойынша кредиттік құжаттаманы қалыптастыру және оны Банктің ішкі нормативтік құжаттары мен нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес қажетті құжаттармен (қажет болған жағдайда) толықтыру. Білімі: - жоғарғы экономикалық/қаржылық/заң саласындағы білім; - жоғарғы білім (іштегі үміткерді ауыстырған кезде). Жұмыс тәжірибесі: - банктік немесе қаржылық салада кемінде 1 жыл. Ілімі: - еңбекті қорғау, еңбекті ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін білу. |
Комплаенс бақылау қызметі Бас маман |
Міндеттері: - Банктің және Банк бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасы валюталық реттеу және валюталық бақылау, төлемдер мен төлем жүйелері, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру, несиелік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдіктер беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы күрес туралы, банктiң қызмет көрсетуiн және қаржы нарығында операцияларды жүзеге асыруын реттейтiн акционерлiк қоғамдар туралы, сондай-ақ банктің комплаенс тәуекеліне ұшырау дәрежесін анықтау мақсатындағы шетел мемлекеттерiнiң қызметiне ықпал ететiн заңнамалардың талаптарын сақтауын тексеру. Білімі: - жоғарғы экономикалық/қаржылық/заң саласындағы білім. Жұмыс тәжірибесі: - банктік немесе қаржылық салада кемінде 3 жыл. Ілімі: - ҚР азаматтық және банктік заңнамаларын білу; - барлық офистік бағдарламаларды білу және жұмыс істеу біліктілігі. |
Бас операциялар департаменті ШОБ сатылымдарын қолдау басқармасы Әдіснама және ШОБ клиенттеріне банктік өнімдер әзірлеу бөлімі Бас менеджер |
Міндеттері: - Жаңа банктік бағдарламаларды/өнімдерді мен ІНҚ әзірлеу, ШОБ клиенттеріне арналған қолданыстағы банктік өнімдерді/бағдарламаларды/қызметтерді, оның ішінде депозиттік өнімдерге қатысты ұсыну шарттарын (сыйақы мөлшерлемелері/тарифтер/айыппұлдар және т.б.) жаңарту. - ШОБ клиенттерін кредиттеу үдерістерін автоматтандыруға, депозиттік өнімдер тұрғысынан тестілеуге және жетілдіруге қажетті бизнес талаптар жазу. - Кредиттік үдерістерді оңтайландыру, Бизнес-үдерістерді дамыту және олардың бір-бірімен әрекеттесу. - Жобаның енгізілуін ұйымдастыру, үйлестіру, қатысу және мониторинг жасау, Жұмысты жоспарлауға қатысу. - Басқарма әзірлеген Банктің үдерістері мен операцияларын автоматтандыруға қойылатын бизнес талаптарды Банктің ҚБ-мен келісу. Білімі: - жоғарғы экономикалық/қаржылық/заң саласындағы білім - жоғарғы білім (іштегі үміткерді ауыстырған кезде) Жұмыс тәжірибесі: - банктік немесе қаржылық салада кемінде 2 жыл Ілімі: - мемлекеттік және орыс тілдерін білу - барлық офистік бағдарламаларды білу және жұмыс істеу біліктілігі - Қазақстан Республикасында ЕДБ қызметін реттейтін банктік заңнамалар мен нормативтік құқықтық актілерді білу - ШОБ клиенттерін кредиттеу/депозиттік өнімдерге қатысты ЗТ операциялық қызметтері, бизнес-үдерістерді автоматтандыру (техникалық тапсырмаларды әзірлеу, жүйелердегі/аспаптардағы жаңалықтар мен өзгерістерді тестілеу, үдерістерді әзірлеушілермен өзара әрекеттесу) жаңа саласындағы жұмыс тәжірибесіне басымдық беріледі. |
Инфрақұрылымды қолдау департаменті Техникалық қолдау басқармасы Техникалық қолдау бөлімі Бөлім бастығы |
Міндеттері: - Банк жұмыскерлерін жұмысқа қажетті компьютерлік жабдықтармен және бағдарламалық қамтамамен қамтамасыз ету мәселелерін шешуді ұйымдастыру. - Компьютерлік жабдықтар паркінің жай-күйін және бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту жұмысын ұйымдастыру және мониторинг жүргізу. Бас банкте қолданылатын МҚБЖ және БҚ жаңарту. - Ақпараттық технологиялар тәуекелдеріне бағалау жүргізу. - Тәуекелдер басқармасында ақпараттық технологиялар тәуекелдерін өңдеу және олардың орындалуы туралы есеп беру шараларын әзірлеу. - Тәуекелдер департаментіне маңызды ақпараттық технологиялар тәуекелдерін енгізу, сондай-ақ олардың салдарын жою туралы есептерді дайындау және ұсыну. - Сыни бизнес-үдерістер үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қол жетімділігін қамтамасыз етуге қатысты бөлігінде Банк стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу. - Жұмыскерлердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қамтитын Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен танысуын қамтамасыз етеді. - Банк бөлімшесі осындай келісімдерді, келісімшарттарды жасауға бастамашылық жасаған жағдайларда, келісімдерге, қызметтерді көрсетуге/жұмыстарды орындауға арналған келісімшарттарға құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісімдердің жасалуын және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптардың енгізілуін қамтамасыз етеді. - Банк қабылдаған ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауап береді. - Өздерi функционалдық мiндеттерi шеңберiнде өзара iс-қимыл жасайтын үшiншi тұлғалардың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарын орындауын, оның iшiнде осы талаптарды үшiншi тұлғалармен келiсiмдер мен келісімшарттарға енгiзу жолымен бақылауды жүзеге асырады. Білімі: - жоғарғы техникалық/математикалық білім. Жұмыс тәжірибесі: - ақпараттық технологиялар саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл, ал басшылық лауазымда кемінде 1 жыл. Ілімі: - мемлекеттік (қажеттілігіне қарай) және орыс тілдерін білу; - барлық офистік бағдарламаларды білу және жұмыс істеу біліктілігі; - арнайы бағдарламалар мен басқару жосықтарын, жұмыс стансасын баптау мен диагностика жасауды. |
Төлем карталарын процессингілеу департаменті Төлем карталарын процессингілеу басқармасының бастығы |
Міндеттері: - Басқарма жұмысының тиімділігін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау. - Басқарманың бөлімшелері арасында міндеттерді, функцияларды және тапсырмаларды ұтымды бөлу. - Басқарманың ағымдағы және алдағы жұмыс жоспарларын әзірлеу және орындалуын бақылау. - Карточка қосымшасының, көмекші карта жүйелерінің, сервистердің жұмысын жақсарту аясында вендорлармен хат алмасу. - Сертификаттау жобалары бойынша процессинг ұйымдармен өзара әрекеттесу. - Клипто модульдерді сатып алу және техникалық қолдау бойынша келісімшарттар жасау. - OpenWay халықаралық төлем жүйелерімен сертификаттау және лицензия алу жобаларын енгізу. - Way4-ті қолдау, әкімшілік жүргізу және жаңарту жұмыстарын жүргізе білу. Білімі: - жоғарғы техникалық/математикалық білім; Жұмыс тәжірибесі: - ақпараттық технологиялар саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл, соның ішінде басшылық лауазымда кемінде 2 жыл; Ілімі мен біліктілігі: - Way4 БҚ білу және жұмыс тәжірибесі болу. - Oracle SQL/PLSQL білу және әзірлеу тәжірибесі болу. - Thales/SafeNet криптографиялық құрылғылармен жұмыс істеу біліктілігі. - Visa/Mastercard жұмыс істеу қағидаларын білу. |
Төлем карталарын процессингілеу департаменті Төлем карталарын процессингілеу басқармасы Бас инженер-бағдарламашы |
Міндеттері: - «Нұрбанк» АҚ (бұдан әрі – Банк) процессингтік орталығының негізгі жүйелерін орнату және баптау. - Банктің процессингтік орталығының жұмыс істеуіне қажетті жабдықты баптау. - Қажетті бағдарламалық құралды орнату және баптау. - Процессингтік орталықтың жабдықтары мен бағдарламалық қамтаманы жеткізушілерімен хат алмасу. - Банктің процессингтік орталығының аппарат-бағдарламалық кешенінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. - Басқа бөлімшелермен бірге Way4 жүйесі аясында жаңа карта өнімдерін әзірлеуге және енгізуге қатысу. - Бағдарлама-техникалық мәселелерді шешуді және бөлім мен халықаралық төлем жүйелері мен басқа процессингтік орталықтар арасында өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету. - Way4 жүйесі шеңберінде жаңа жұмыс орындарын әзірлеу және енгізу. - Way4 карта жүйесін жаңартуға қатысу. - Way4 карта жүйесінде жаңа параметрлерді енгізу. - Way4 жүйесімен жұмыс істейтін Банк қызметкерлеріне кеңестік және әдістемелік көмек көрсету. Білімі: - жоғарғы техникалық/математикалық білім; - жоғарғы білім (іштегі үміткерді ауыстырған кезде). Жұмыс тәжірибесі: - ақпараттық технологиялар саласындағы/карточкалық процессинг жүйесіндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл. Ілімі: - еңбекті қорғау, еңбекті ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін білу. |
Бюджеттендіру және контроллинг басқармасы Бюджеттендіру бөлімі Бас маман |
Міндеттері: - Банктің алқалы органдарына/комитеттеріне мәселелерді қарау және оларды шешу үшін сапалы дайындалған, тиісті түрде ресімделген, сенімді және толық материалды беру. - Банк пен еншілес ұйымдардың функционалдық стратегиялық дамуын қарастыру және шоғырландыру. - Даму стратегиясын іске асыру және орындалған жоспарлардың стратегиялық қаржылық мақсаттарға сәйкестігі туралы есеп деректерін дайындау. - Банктің және оның еншілес ұйымдарының қаржылық және бюджеттік құрылымына сәйкес шоғырландырылған функционалдық бюджеттерді қарау. - Банктің және оның еншілес ұйымдарының қаржылық-бюджеттік құрылымына сәйкес активтер мен қаржылық ресурстардың көлемі мен құрылымын, кірістер мен шығыстарды 1 жылдық жоспарлау көкжиегі бойынша есептеу, болжамды деректердің дұрыстығын бақылау. Білімі: - жоғарғы техникалық/математикалық білім; - жоғарғы (іштегі үміткерді ауыстырған кезде). Жұмыс тәжірибесі: - қаржылық немесе банктік құрылымда кемінде 2 жыл. Ілімі: - мемлекеттік (қажеттілігіне қарай) және орыс тілдерін білу; - барлық офистік бағдарламаларды білу және жұмыс істеу біліктілігі. |
Бюджеттендіру және контроллинг басқармасы Бюджеттендіру бөлімі Бас маман (IT) |
Міндеттері: - COLVIR БҚ-да стандартталған алгоритмдерді енгізу. - формулаларды жазу. - есептеу моделін дайындау, есептеулерді анықтау. - есептеулердің топтық анықтамаларын іске қосу және есептеу, атрибуттарды өзгерту және тарату. - бюджеттік жоспарлау құралдарын, қаржылық талдауды және қаржылық бақылауды автоматтандыру жүйесін енгізуге қатысу. - «Қаржылық есеп беру» деректер базасын жүргізу, соның ішінде. көп деңгейлі қол жеткізу жүйесін әзірлеу. Білімі: - жоғарғы техникалық/математикалық білім; - жоғарғы (іштегі үміткерді ауыстырған кезде). Жұмыс тәжірибесі: - қаржылық немесе банктік құрылымда кемінде 2 (екі) жыл. Ілімі: - мемлекеттік (қажеттілігіне қарай) және орыс тілдерін білу; - барлық офистік бағдарламаларды білу және жұмыс істеу біліктілігі. АТ қатысты ілімі: - көп сатылы Деректер базасымен жұмыс істеу тәжірибесі; - SQL сұраныстарын білу; - Excel жоғарғы деңгейде пайдаланушы (макростар, бірікке кестелер жазу). |
Банктік операцияларды есепке алу департаменті Кредиттік және құжаттамалық операцияларды есепке алу басқармасы Бас маман |
Міндеттері: - ЗТ қарыздарын, бухгалтерлік есеп тұрғысынан банктік кепілдіктерді сүйемелдеу. - ЗТ қарыздары, банктік кепілдіктер бойынша берешек жөніндегі есептерді дайындау. - Сұраныс бойынша ЗТ кредиттері бойынша салыстыру актісінде көрсетілген деректерді дайындау және тексеру. - Қарыздарды, шартты міндеттемелер мен дебиторлық берешектердің құнсыздануы туралы есептерді тексеру. - Құрылымдық бөлімшелерге, уәкілетті органдарға, сыртқы аудиторлар мен бөгде ұйымдарға заңды тұлғалардың қарыздары бойынша Басқарманың құзыреті шеңберінде дайындау және ұсыну. - Басқарма жүзеге асыратын операцияларға байланысты қарыздарды/шартты міндеттемелерді, дебиторлық/ кредиторлық берешекті есепке алу үдерісін оңтайландыру және автоматтандыру. Білімі: - жоғарғы экономикалық/қаржылық/математикалық білім; - жоғарғы (іштегі үміткерді ауыстырған кезде). Жұмыс тәжірибесі: - банктік/қаржылық салада кемінде 2 жыл. Ілімі: - компьютерде жұмыс істеу біліктілігі, стандартты MS Office жиынтығының негізгі бағдарламаларын білуі (пайдаланушы); - іскерлік қарым-қатынас орнату әдебін білуі; - жазбаша және ауызша тілдегі сауаттылығы; - еңбекті қорғау, еңбекті ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін білу. |
Банктік операцияларды есепке алу департаменті Бағалы қағаздарды және қазынашылық операцияларды есепке алу басқармасы Бас маман (бақылаушы) |
Міндеттері: - Банктің басым бағалы қағаздарының (БҚ) мен БҚ-ның, қазынашылық операциялардың, валюталық мәмілелер мен банкаралық депозиттердің/қарыздардың бухгалтерлік есеп шоттарында уақтылы және ашық түрде көрсетілуін қамтамасыз ету. - БҚ-мен операцияларды, қазынашылық операцияларды, форекс мәмілелер мен банкаралық депозиттер/кредиттер бойынша операцияларды есепке алу үдерісін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша тапсырмалардың орындалуын үйлестіру. - Құнсыздану туралы есептерді тексеру. - Құрылымдық бөлімшелерге, уәкілетті органдарға, сыртқы аудиторлар мен бөгде ұйымдарға ЖК қарыздарына қатысты Басқарма құзыретінің аясындағы қажетті ақпарат пен есептерді дайындау және ұсыну. - Басқарма жүзеге асыратын операцияларға байланысты қарыздарды/шартты міндеттемелерді, дебиторлық/ кредиторлық берешекті есепке алу үдерісін оңтайландыру және автоматтандыру. Білімі: - жоғарғы экономикалық/қаржылық/математикалық білім; - жоғарғы (іштегі үміткерді ауыстырған кезде). Жұмыс тәжірибесі: - банктік/қаржылық құрылымда кемінде 3 жыл. Ілімі: - компьютерде жұмыс істеу біліктілігі, стандартты MS Office жиынтығының негізгі бағдарламаларын білуі (пайдаланушы); - іскерлік қарым-қатынас орнату әдебін білуі; - жазбаша және ауызша тілдегі сауаттылығы; - еңбекті қорғау, еңбекті ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін білу. |
Банктік операцияларды есепке алу департаменті Бағалы қағаздарды және қазынашылық операцияларды есепке алу басқармасы Бас маман |
Міндеттері: - Банктің басым бағалы қағаздарының (БҚ) мен БҚ-ның, қазынашылық операциялардың, форекс мәмілелер мен банкаралық депозиттердің/қарыздардың бухгалтерлік есеп шоттарында уақтылы және ашық түрде көрсетілуін қамтамасыз ету. - БҚ-мен операцияларды, қазынашылық операцияларды, форекс мәмілелер мен банкаралық депозиттер/қарыздар бойынша операцияларды есепке алу үдерісін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша тапсырмалардың орындалуын үйлестіру. - Құнсыздану туралы есептерді тексеру. - Құрылымдық бөлімшелерге, уәкілетті органдарға, сыртқы аудиторлар мен бөгде ұйымдарға ЖК қарыздарына қатысты Басқарма құзыретінің аясындағы қажетті ақпарат пен есептерді дайындау және ұсыну. - Басқарма жүзеге асыратын операцияларға байланысты қарыздарды/шартты міндеттемелерді, дебиторлық/ кредиторлық берешекті есепке алу үдерісін оңтайландыру және автоматтандыру. Білімі: - жоғарғы экономикалық/қаржылық/математикалық білім; - жоғарғы (іштегі үміткерді ауыстырған кезде). Жұмыс тәжірибесі: - банктік/қаржылық құрылымда кемінде 2 жыл. Ілімі: - компьютерде жұмыс істеу біліктілігі, стандартты MS Office жиынтығының негізгі бағдарламаларын білуі (пайдаланушы); - іскерлік қарым-қатынас орнату әдебін білуі; - жазбаша және ауызша тілдегі сауаттылығы; - еңбекті қорғау, еңбекті ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін білу. |
Банктік операцияларды есепке алу департаменті Бөлшек қарыздарды есепке алу басқармасы Бас маман |
Міндеттері: - ЖТ қарыздарын бухгалтерлік есеп жүргізуге қатысты сүйемелдеу. - ЖТ қарыздары бойынша берешектердің есептерін дайындау. - Сұраныс бойынша ЖТ қарыздарын салыстыру актісінде көрсетілген деректерді дайындау және тексеру. - Қарыздардың, шартты міндеттемелер мен дебиторлық берешектердің құнсыздануы жөніндегі есептерді тексеру. - Құрылымдық бөлімшелерге, уәкілетті органдарға, сыртқы аудиторлар мен бөгде ұйымдарға ЖК қарыздарына қатысты Басқарма құзыретінің аясындағы қажетті ақпарат пен есептерді дайындау және ұсыну. - Басқарма жүзеге асыратын операцияларға байланысты қарыздарды/шартты міндеттемелерді, дебиторлық/ кредиторлық берешекті есепке алу үдерісін оңтайландыру және автоматтандыру. Білімі: - жоғарғы экономикалық/қаржылық/математикалық білім; - жоғарғы (іштегі үміткерді ауыстырған кезде). Жұмыс тәжірибесі: - банктік/қаржылық салада кемінде 2 жыл. Ілімі: - еңбекті қорғау, еңбекті ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін білу. |
Әкімшілік-шаруашылық қызметті есепке алу департаменті Жұмыскерлермен есеп айырысуларды есепке алу басқармасы Бас маман |
Міндеттері: - Банк қызметкерлеріне еңбекақы мен басқа да төлемдерді есептеу және төлеу бойынша операциялардың орталықтандырылған есебін жүргізу; есеп беретін тұлғалармен, Банк жұмыскерлерімен/дебиторлармен/ кредиторлармен іссапар және ойын-сауық шығындары бойынша операцияларды есепке алу; еңбекақыға салынатын салықтар мен әлеуметтік төлемдердің есептелуі мен аударылуының дұрыстығын тексеру; банк қызметкерлерінің кірістерінен атқару парақтары мен басқа да құжаттар негізіндегі сомаларды ұстау және ұсталған сомаларды мақсатына аудару; бастапқы құжаттарды салыстыру, күннің құжаттарын қалыптастыру; мұрағатқа тапсыру, сұраныстар бойынша ақпарат беру, статистикалық есептерді ұсыну. Білімі: - жоғарғы экономикалық/қаржылық/математикалық білім; - жоғарғы (іштегі үміткерді ауыстырған кезде); - өзге де жоғарғы білім. Жұмыс тәжірибесі: - қаржылық/банктік құрылымда кемінде 2 жыл; - білімі өзге салада болған және/немесе қаржылық/банктік құрылымда жұмыс тәжірибесі болмаған жағдайда, «басқа ұйымдардың еңбек ақысын тіркеу» бағытындағы бухгалтерлік есеп бөлімшесіндегі тәжірибесінің кемінде 3 жыл болуы міндетті. Ілімі: - еңбекті қорғау, еңбекті ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін білу. |
Қаржы және реттеу есептілігі департаменті Қаржы есептілігі басқармасы Бас маман (бақылаушы) |
Міндеттері: - Уәкілетті мемлекеттік органдарға, басқа да мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарға, оның ішінде бас компанияға Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру және уақтылы ұсыну. - Бас және еншілес ұйымдар арасындағы активтер мен міндеттемелер бойынша өзара есеп айырысуларды ай сайынғы өзара салыстыруды жүргізу. - Аудит жүргізу үшін аудиторлық компанияны таңдау бойынша іс-шараларды жүргізу. - Аудиторлық компаниямен аудит жүргізу шартын дайындау және жасау, келісім бойынша төлемді қамтамасыз ету. - Құрылымдық бөлімшелер мен еншілес ұйымдарға жасалған/ ұсынатын есеп берудегі, ақпараттағы, сондай-ақ орындалған операциялар бойынша анықталған кемшіліктер бойынша түсіндірмелер беру үшін сұраныстарды дайындау және ұсыну. - Банктің, Қаржылық есеп депозитарийінің, «Қазақстан қор биржасы» АҚ интернет-ресурстарында тоқсандық, жылдық, жеке және шоғырландырылған есептерді орналастыру. - Банк белгілеген тәртіпте Басқарма есептерінің сақталуын қамтамасыз ету, дайындау және мұрағатқа тапсыру. - Еншілес ұйымдарға жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша ақпарат дайындау бөлігінде кеңестік көмек көрсету. - Басқарманың құзыретіне жататын ішкі нормативтік және әкімшілік құжаттарды әзірлеуге және мақұлдауға қатысу. Білімі: - жоғарғы экономикалық/қаржылық/математикалық білім; - жоғарғы (іштегі үміткерді ауыстырған кезде). Жұмыс тәжірибесі: - банктік/қаржылық салада кемінде 2 жыл. Ілімі: - еңбекті қорғау, еңбекті ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін білу. |
Қаржы және реттеу есептілігі департаменті Бас кітап басқармасы Бас маман (бақылаушы) |
Міндеттері: - Банктің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АБАЖ) Бас кітап деңгейінде Қазақстан Республикасының заңнамасына, ХҚЕС, Банктің есеп саясаты мен банктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есептегі операциялардың уақтылы, дұрыс және негізді көрсетілуіне келесі бақылауды жүзеге асыру. - Бас кітапты жүргізу және жаңарту, Қазақстан Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес өзекті ету, оның ішінде Бас кітапта қосалқы бухгалтерлік есеп операцияларының толықтығын, дұрыстығын және уақтылы көрсетілуін бақылауды, бухгалтерлік есептің көмекші журналдарын әзірлеуге қатысу. - Бухгалтерлік есеп бөлігінде АБАЖ модульдеріндегі сараптама және дербес шоттардың деректерінің сәйкестігін күнделікті бақылау. - АБАЖ-да Банктің Бас Банкінің/филиалдарының/ өкілдіктерінің карточкаларын жүргізу, Банктің құрылымдық бөлімшелерінің сұраныстары негізінде түзетулер енгізу. - АБАЖ-да жеке шоттарды/клиент карталарын ашу және жүргізудің дұрыстығын бухгалтерлік есеп талаптарына сәйкес бақылау, АБАЖ-да жеке шоттарды/клиент карталарын ашу, түзету және жабу өтініштерін орталықтан қарау мен орындау. - Банктік/банктік емес операциялар бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектің шоғырландырылған есептерін жасау, талдау және құрылымдық бөлімшелерге – үйлестірушілерге қайтару/жабу/есептен шығару қызметін жүзеге асыру үшін ұсыну. Тоқсан сайын Үйлестірушілермен бірлесіп Басқарма мен Директорлар кеңесіне дебиторлық және кредиторлық берешек туралы ақпаратты ұсыну. - АБАЖ Бас кітап деңгейінде өтеу мерзімі/уақтылы есеп айырысу бөлігінде филиалдардың/ББ транзиттік шоттары бойынша қалдықтардың бақылауына қатысу. Білімі: - жоғарғы экономикалық/қаржылық/математикалық білім; - жоғарғы (іштегі үміткерді ауыстырған кезде). Жұмыс тәжірибесі: - банктік/қаржылық салада кемінде 2 жыл. Ілімі: - еңбекті қорғау, еңбекті ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін білу. |
Заң департаменті Банктік және басқа қызметтерді құқықтық сүйемелдеу басқармасы Бас маман |
Міндеттері: Заңдық сараптама жүргізу: 1) Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Басқарманың құзыреті шегінде заңдық тәуекелдерді қамтитын ішкі нормативтік құжаттар мен әкімшілік құжаттарға. 2) кредиттік тәуекелдерге соқтыратын келісімшарттарды қоспағанда, банк жүзеге асыратын операциялар бойынша әкімшілік-шаруашылық және өзге де келісімшарттарға. 3) Басқарманың құзыреті шегінде ішкі нормативтік және басқа да құжаттарға. 4) Басқарманың қызметі барысында келіп түскен сұраныстарға. 5) Холдинг қызметін сүйемелдейтін банк холдингі туралы есептерді жіберу үшін құжаттарды дайындау. Білімі: - заң саласындағы жоғарғы білім. Жұмыс тәжірибесі: - заңгер мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл, қаржылық, банктік салаларға басымдық беріледі. Ілімі мен біліктілігі: - заңнаманы білу. - барлық офистік компьютер бағдарламаларын білу және жұмыс істеу біліктілігі |
Заң департаменті Корпоративтік бизнестің кредиттік қызметін құқықтық қамтамасыз ету басқармасы Бас маман |
Міндеттері: 1. Заңдық сараптама жүргізу: 1) Банктiң iшкi нормативтiк құқықтық құжаттарында белгiленген тәртiппен корпоративтiк бизнес бойынша Бас Банк пен Банк филиалдарының кредиттiк жобаларын, қарыз беру жобаларын, кепiлдiктердi және кредиттiк тәуекелге соқтыратын басқа да жобаларды (бұдан әрi - кредиттiк жобалар). 2) кредиттік жобалар шеңберінде кредиттік тәуекелге соқтыратын операцияларға қатысты келісімшарттарды; кредиттік жобалар міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету келісімшарттарына; ішкі құжаттарға сәйкес кредиттік жобаларды қамтамасыз ету туралы кредиттік келісімшарттарға және/немесе шарттарға байланысты немесе оларды орындау мақсатында жасалған келісімшарттарға; сондай-ақ белгіленген тәртіпте және Банктің ішкі құжаттарында айқындалған жағдайларда оларға бұрыштама қоюды. 3) Банктің ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда, лимиттен жоғары кредиттік жобалар және Банк филиалдары үшін лимиттен жоғары емес кредиттік жобалар бойынша Банк филиалдары заңгерлері жасаған құқықтық қорытындыларға. 4) Банктің Несие комитетіне ұсынылған «Нұр-Лизинг» Лизингтік компаниясы «Нұрбанк» АҚ ЕҰ» ЖШС лизингтік жобаларына. 2. Банктің қарыз операциялары, банктік кепілдіктер беру операциялары және кредиттік тәуекелдерге соқтыратын басқа да операциялары бойынша қызметін реттейтін Банктің ішкі нормативтік құжаттарына заңдық сараптама жүргізу. 3. Банктің қарыз операциялары, банктік кепілдіктер беру операциялары және кредиттік тәуекелдерге соқтыратын басқа да операциялары бойынша қызметінің заңдық аспектілерін реттейтін келісімдердің типтік формаларын, Банктің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеу; Банктің ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген тәртіппен оларға өзгерістер енгізу. 4. Банк қарастыратын кредиттік жобаларға байланысты Банктiң уәкiлеттi бөлiмшелерi мен филиалдарының нақты клиенттеріне (өтiнiш берушiлерге) қатысты өтiнiшi бойынша кредит беру келісімшарттарына Банк шарттарының стандартты формаларына сәйкес келмейтiн шарттарды әзiрлеу және/немесе сараптау. Білімі: - заң саласындағы жоғарғы білім. Жұмыс тәжірибесі: - қаржылық, банктік мамандықтар бойынша немесе басқа құрылымда кемінде 2 жыл. Ілімі: - заңнаманы білу, сонымен қатар кредиттеу мәселелерінде құқық қолдану практикасын білу; - барлық офистік компьютер бағдарламаларын білу және жұмыс істеу біліктілігі. |
Шағын және орта бизнес департаменті Әдіснама және ШОБ клиенттеріне банктік өнімдер әзірлеу бөлімі Бас менеджер |
Міндеттері: - Жаңа банктік бағдарламаларды/өнімдерді мен ІНҚ әзірлеу, ШОБ клиенттері үшін қолданыстағы банктік өнімдерді/ бағдарламаларды/қызметтерді, оның ішінде депозиттік өнімдерге қатысты ұсыну шарттарын (сыйақы мөлшерлемелері/тарифтер/айыппұлдар және т.б.) жаңарту. - ШОБ клиенттерін кредиттеу үдерістерін автоматтандыруға, депозиттік өнімдер тұрғысынан тестілеуге және жетілдіруге бизнес талаптарды жазу. - Кредиттік үдерістерді оңтайландыру, Бизнес-үдерістерді әзірлеу және олардың бір-бірімен әрекеттесу; - Жобаның енгізілуін ұйымдастыру, үйлестіру, қатысу және мониторинг жасау, Жұмысты жоспарлауға қатысу; - Басқарма әзірлеген Банктің үдерістері мен операцияларын автоматтандыруға қойылатын бизнес талаптарын Банктің ҚБ-мен келісу. Білімі: - жоғарғы экономикалық/қаржылық/заң саласындағы білім - жоғарғы (іштегі үміткерді ауыстырған кезде) Жұмыс тәжірибесі: - банктік немесе қаржылық салада кемінде 2 жыл Ілімі: - мемлекеттік және орыс тілдерін білу. - барлық офистік бағдарламаларды білу және жұмыс істеу біліктілігі. - Қазақстан Республикасында ЕДБ қызметін реттейтін банктік заңнамалар мен нормативтік құқықтық актілерді білу. - ШОБ клиенттерін кредиттеу/депозиттік өнімдерге қатысты ЗТ операциялық қызметтері, бизнес-үдерістерді автоматтандыру (техникалық тапсырмаларды әзірлеу, жүйелердегі/аспаптардағы жаңалықтар мен өзгерістерді тестілеу, үдерістерді әзірлеушілермен өзара әрекеттесу) жаңа саласындағы жұмыс тәжірибесіне басымдық беріледі. |
Қауіпсіздік департаменті Экономикалық қауіпсіздік бөлімі Жетекші маман |
Міндеттері: - Кредит алу үшін Өтініш беруші ұсынған деректердің дұрыстығына қатысты кредиттік жобаларға аудит жүргізу. - Жеке және заңды тұлғалардың алаяқтық әрекеттерінің алдын алу, анықтау және залалдың орнын толтыру шараларын жүргізу. - Лимиттен тыс кредиттік жобалар бойынша филиалдардың Қауіпсіздік бөлімдерінің/секторларының қорытындыларын мақұлдау. - Банктің экономикалық қауіпсіздігін қорғау және қамтамасыз ету тәртібін, ережелері мен нормаларын анықтайтын ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу. - Белгіленген нормаларға сәйкес қызметтік тергеулер/ тексерулер жүргізуге қатысу. - Банк бөлімшелеріне экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша практикалық және консультативтік көмек көрсету. - Филиалдардың өңірлік қауіпсіздік бөлімшелерінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын талдау жасау. Білімі: - жоғарғы заң саласындағы/экономикалық/қаржылық білім; - жоғарғы, ішкі үміткерді ауыстырған кезде. Жұмыс тәжірибесі: - құқық қорғау органдарында кемінде 1 жыл немесе банктік немесе қаржылық құрылымда кемінде 2 жыл. Ілімі: - офистік бағдарламаларды білу және олармен жұмыс істеу біліктілігі. |
Қауіпсіздік департаменті Ішкі бақылау бөлімі Мониторинг секторы Бас маман |
Міндеттері: Белгіленген талаптарға сәйкес инженерлік қауіпсіздік техникасының (бейнебақылау жүйесі, күзет дабылы, өрт дабылы және кіруді басқару жүйелері) техникалық сипаттамаларын пайдалану және білу, олардың өнімділігін қамтамасыз ету. Бас Банктің материалдық және қаржылық активтерінің сақталуын, Банк филиалы жұмыскерлерінің, Бас Банк аумағында орналасқан клиенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оның ішкі және қол жетімділік режимдеріне бейнебақылау орнатуды қамтамасыз ету. Оқиға орнындағы төтенше жағдайлар мен төтенше жағдайларға жедел ден қою. Бейнебақылау жазбаларын қарау, бейне мұрағаттармен жұмыс жасау. Білімі: - жоғарғы заң/ІІМ/ІІ/ҰҚК саласындағы, техникалық (Қазақстан) білім; Жұмыс тәжірибесі: - құқық қорғау органдарында (ІІМ, ЭСҚКА, ҰҚК) кемінде 2 жыл, болмаса мамандығы бойынша банктік немесе қаржылық құрылымда кемінде 1 жыл; - видео бақылау операторы ретіндегі жұмыс тәжірибесіне басымдық беріледі. Жалпы ілімі/ лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті біліктіліктер: - компьютерде жұмыс істеу біліктілігі, стандартты MS Office жиынтығының негізгі бағдарламаларын білуі (пайдаланушы); - іскерлік қарым-қатынас орнату әдебін білуі; - жазбаша және ауызша тілдегі сауаттылығы; - еңбекті қорғау, еңбекті ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін білу; - зейінділік; - табандылық; - қырағылық; - орындаушылық. Тілдерді білуі: - мемлекеттік; - орыс; - ағылшын – қажет болған кезде. |
Қауіпсіздік департаменті Soft Collection басқармасы Маман |
Міндеттері: - Банк клиенттерімен телефон арқылы сөйлесу арқылы өндіріп алу мақсатында клиенттерді бөлшек сауда кредиттері бойынша мерзімі өткен берешек туралы ауызша хабардар ету. - Бөлшек сауда кредиттері бойынша мерзімі өткен берешектерді қайтаруға қатысты белгіленген нормативтер мен тапсырмаларды орындау. - Жұмысқа алынан мерзімі өткен бөлшек сауда кредиттерін талдау және мониторинг жасау. - Клиенттерді мерзімі өткен бөлшек сауда кредиттерді төлеуге ынталандыру, қажет болған жағдайда өтеу мәселелері және төлеу әдістері бойынша кеңестер беру, кредитік міндеттемелердің бұзылу себептерін және мерзімі өткен кредиттерді өтеу мерзімдерін анықтау. - Қоңырау шалу нәтижесінде деректерді жинау және өңдеу. - Банк клиенттерінен шағымдар мен қарсылықтардың түсуіне жол бермеуге бағытталған өз қызметін сапалы жүзеге асыру. Банк клиенттеріне қоңырау шалу кезінде туындаған жанжалды/даулы жағдайларды шешу. Білімі: - жоғарғы немесе арнайы орта білім Жұмыс тәжірибесі: - банктік, қаржылық немесе коллекторлық саладағы жұмыс тәжірибесіне беріледі, болмаса Soft/Hard Collection желісіндегі кемінде 6 (алты) ай, бірақ міндетті емес. Ілімі: - мемлекеттік, орыс тілдерін (міндетті түрде), ағылшын тілін (білгені абзал) білу; - келіссөздер жүргізу техникасын меңгергені абзал; - телефон арқылы қарым қатынас жасау психологиясын меңгергені абзал; - жазбаша және ауызша іскерлік коммуникацияны меңгеру; - коммуникативтік біліктер, командада жұмыс істей алуы; - анық дикция, сауатты сөйлеу; - барлық офистік бағдарламаларды білу және жұмыс істеу біліктілігі. |
Тәуекелдер департаменті Операциялық тәуекелдер басқармасы Қаржылық-операциялық қызметті бақылау бөлімі Бас маман |
Міндеттері: - ББ бөлімдері мен филиалдардың, Банк жұмыскерлерінің қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды реттейтін нормативтік құжаттарға сәйкес операцияларды жүргізу тәртібінің сақталуын бақылау; - Банк бөлімшелерінің қызметіндегі барлық анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы күнделікті есептерді қалыптастыру; - Банк бөлімшелерінің анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді іс жүзінде жоюын бақылау; - Банктің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеу және мақұлдау. Білімі: - жоғарғы экономикалық/қаржылық білім. Жұмыс тәжірибесі: - банк саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл. Ілімі мен біліктілігі: - операциялық тәуекелдерді басқаруға қатысты банктік заңнамалар мен ҚР ҰБ-ның нормативтік құқықтық актілерін білу; - банктік өнімдерді/жосықтарды білу және түсіну; - АБАЖ Colvir бағдарламасын білу; - бухгалтериядағы жұмыс тәжірибесінің болғаны абзал; - мемлекеттік (білгені абзал) және орыс тілдерін білу; - барлық офистік бағдарламаларды білу және жұмыс істеу біліктілігі. |
Тәуекелдер департаменті Операциялық тәуекелдер басқармасы Бас маман |
Міндеттері: - Банктегі операциялық тәуекелдерді басқару үдерістерін, Банктегі сабақтастықты қамтамасыз ету үдерістерін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу; - тәуекелдерді анықтау, бағалау және талдау, операциялық тәуекел оқиғаларының дерекқорын жүргізу; - өзін-өзі бағалауды жүргізу және тәуекелдер тізілімін құру; - жүйелерді/үдерістерді/өнімдерді енгізу кезінде тәуекелге бағалау жүргізу; - Ішкі бақылау жүйесін жүргізу (ұсынымдар әзірлеу, бағалау, әдістеме); - бизнестің үздіксіздігін басқару: BIA (Бизнеске әсер етуді бағалау) жүргізу, бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін сценарийлерді/жоспарларды әзірлеу және тестілеу. Талаптар: - жоғарғы экономикалық/қаржылық білім. Жұмыс тәжірибесі: - банк саласындағы, тәуекелдерді/қызметтің үздіксіздігі/ішкі бақылау бөліміндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл. Ілімі мен біліктілігі: - операциялық тәуекелдерді басқаруға қатысты банктік заңнамалар мен ҚР ҰБ-ның нормативтік құқықтық актілерін білу; - банктік өнімдерді/жосықтарды білу және түсіну; - барлық офистік бағдарламаларды білу және жұмыс істеу біліктілігі. |
Тәуекелдер департаменті Кредиттік тәуекелдер басқармасы Тәуекел-сараптама бөлімі Бас маман |
Міндеттері: - Қарыз алушыларды кредиттік тәуекелдері бар микрокредиттер бойынша банктік өнімдермен қамтамасыз ету бойынша жобаларды сараптау, соның ішінде жобаларды талдау, әлеуетті қарыз алушылардың қаржылық жағдайын, кредитті қамтамасыз етуді, кредиттеу нұсқаларын талдауды, кредиттік тәуекелдерді зерделеуді, мәмілелерді құрылымдау бойынша ұсыныстарды енгізу және Кредиттік банк комитеті үшін тәуекелдер туралы қорытындыларды дайындау. - Микро кредит мәселелері бойынша филиалдардың тәуекел-менеджерлерімен өзара әрекеттесу. - Банктік кредиттеудің барлық процедураларын білу. - Банк қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік актілерді білу. - ШОБ қаржылық талдауды білу. Білімі: - жоғарғы экономикалық/қаржылық/математикалық білім. Жұмыс тәжірибесі: - Банктік немесе қаржылық салада кемінде екі жыл. |
Маркетинг департаменті Жарнама бөлімі Маман |
Міндеттері: - іс қағаздарын жүргізу (Департамент құжаттарымен жұмыс істеу), сондай-ақ құжат айналымын (келісімшарттар жасау, шоттарды төлеу, жабу құжаттарын қамтамасыз етуді бақылау) білу; - құжаттардың уақытылы жабылуын қадағалау; - төлемнің орындалуын бақылау; - келісімшарттардың төлем талаптарының сақталуын бақылау; - Банктің филиалдары мен бөлімшелерін жарнамалық және кәдесый өнімдерімен, корпоративтік керек-жарақтармен қамтамасыз ету; - жеткізушілермен өзара әрекеттесу; - жарнамалық өнімдердің есебін жүргізу Білімі: - жоғарғы/аяқталмаған жоғарғы және/немесе арнайы орта экономикалық, математикалық, қаржылық немесе басқа да білім - жұмыс тәжірибесі: банктік немесе басқа салада кемінде 1 жыл |
HR-Департаменті Рекрутмент бөлімі Жетекші маман |
Міндеттері: - Банктің бос лауазымдарына үміткерлерді іздеу және іріктеу; - Түйіндеме негізінде үміткерлерге бастапқы іріктеу жасау; - Телефон арқылы сұхбат жүргізу, ашық жұмыс орындарына үміткерлерді тарту; - Бос жұмыс орындары түскен ұсыныстармен жұмыс істеу; - Өтініш берушілердің қоңыраулары мен хабарламаларына жауап беру; - Үміткерлердің ҚБ өкілдерімен кездесуін ұйымдастыру; - Үміткерді қабылдау/жұмыскерді ауыстыруды бекіту рәсіміне қажетті құжаттарды дайындау және қалыптастыру; - Банкте студенттер мен тағылымдамадан өтушілер үшін тағылымдамадан өту және тәжірибеден өту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, тәжірибе/практикалық келісімдер жасау; - Кадр комитетіне үміткерлерге қатысты құжаттарды дайындау. Білімі: - жоғарғы білім Жұмыс тәжірибесі: - қаржы, банк мамандығы бойынша, рекрутменттегі жұмыс тәжірибесі кемінде 1 жыл |
Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы Ақпараттық қауіпсіздік бөлімі Бас маман |
Міндеттері: - ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын бақылау және әрекет ету. - ықтимал жаңа қауіптер мен инциденттерді анықтау мақсатында ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын талдау. - ақпаратты қорғау құралдары мен желілік жабдықты орнату және қолдау: желі аралық қалқандар, шабуылдарды анықтау және алдын алу жүйелері. - рұқсатсыз кіруді және Ақпараттық қауіпсіздік саясатын бұзуды анықтау мақсатында барлық ақпараттық жүйелер мен желілік жабдықтың журнал файлдарын талдау (SIEM-мен жұмыс істеу). - ақпараттық қауіпсіздік ережелерін (рәсімдер, саясаттар) әзірлеу және енгізу. - қол жетімділікті қамтамасыз етудің инфрақұрылымын басқару. - ақпараттық қауіпсіздікті және дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету. - ақпараттық қауіпсіздік құралдарын жедел қолдау, басқару және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. - ақпараттық қауіпсіздік құралдарының жұмыс істеуін бақылау және қадағалау. - ішкі пайдаланушылардың қалыптан тыс белсенділігін бақылау. Білімі: - IT технология/ақпараттық қауіпсіздік саласындағы арнайы орта/жоғарғы техникалық білім немесе № 89 қаулыға сәйкес домендердің бірінде арнайы орта/жоғарғы білім. Жұмыс тәжірибесі: - ақпараттық технология/ақпараттық қауіпсіздік саласындағы және/немесе № 89 қаулыда көрсетілген өзге де домендегі жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл. Арнайы ілім: - мемлекеттік (білгені абзал) және орыс тілдерін білу; - ақпараттық қауіпсіздікті лайықты деңгейде қамтамасыз етуге қажетті БҚ мен бағдарламаларды, стандарттарды білу; - желілік инфрақұрылымның қорғаныс технологиялары мен құралдарын білу; - ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің терминологиясы мен талаптарын білу; - № 89 қаулыда көрсетілген бір немесе оданда көп домендердің сертификациясын өткізу (оқудан және (немесе) сертификациядан өткені туралы құжаттардың болуы; - «базалық» доменге қосымша кем дегенде домендердің біреуіне қатысты құзыреттілік талаптары қойылады. |
Капитал басқармасы Бас менеджер |
Міндеттері: - Бағалы қағаздарды және облигациялық бағдарламаларды шығару проспекттісін жасау үшін қажетті ақпаратты жинау және шоғырландыру, бағалы қағаздарды шығару параметрлерін Банктің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен келісу, бағалы қағаздарды және облигациялық бағдарламаларды шығару мемлекеттік және орыс тілдеріндегі проспекттісін дайындау, қажетті ілеспе құжаттар жиынтығын жасау. - Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттейтін уәкілетті мемлекеттік органында бағалы қағаздар мен облигациялық бағдарламалар шығарылымының проспектілерін тіркеу және бағалы қағаздар мен облигациялық бағдарламалардың шығарылымдарын тіркеуге байланысты мәселелер бойынша онымен одан әрі өзара іс-қимыл жасау. - Бағалы қағаздар шығарылымын орналастыру және өтеу нәтижелері бойынша есептерді дайындау, бағалы қағаздар шығарылымының проспектілеріне және облигациялық бағдарламаларға өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу. - Инвестициялық меморандумды құру және қажетті ілеспе құжаттар жиынтығын құру үшін қажетті ақпаратты жинау және шоғырландыру, әлеуетті инвесторлар үшін Банктің инвестициялық меморандумын дайындау. Білімі: - жоғарғы экономикалық/қаржылық білім Жұмыс тәжірибесі: - қаржылық/банктік құрылымдағы жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл. |
Көкшетау қ. филиалындағы бос жұмыс орындары | |
Бос жұмыс орындары: | Біліктілік талаптары: |
Операциялық бөлім Кассалық операциялар секторы Кассир Көкшетау қ. |
Міндеттері: - Жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілеттіктеріне, жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына, жеке сот орындаушыларға, нотариустер мен адвокаттарға (бұдан әрі – Клиенттер) есеп-кассалық қызмет көрсету. - Банктің ішкі құжаттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің, реттеуші және уәкілетті органдардың Банк филиалының операциялық қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын міндетті түрде білу және орындау. - Ресімделген кассалық құжаттарға сәйкес ұлттық және шетел валютасындағы қолма-қол ақшаны қабылдау, қайта санау, беру, ауыстыру қызметтерін Клиенттерге көрсету. Білімі: - жоғарғы/аяқталмаған жоғарғы/орта-арнайы білім. Жұмыс тәжірибесі: - ЕДБ-ның, өзге де ұйымдардың касса, бухгалтерия құрылымдарында жұмыс тәжірибесі кемінде 6 (алты) ай немесе «Нұрбанк» АҚ-да 10 күннен 1 (бір) айға дейін тағылымдамадан өткен жағдайда жұмыс тәжірибесін есепке алмастан. Жалпы ілімі/лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті біліктіліктер: - компьютерде жұмыс істеу біліктілігі, стандартты MS Office жиынтығының негізгі бағдарламаларын білуі (пайдаланушы); - Іскерлік қарым-қатынас орнату әдебін білуі; - жазбаша және ауызша сауатты сөйлеу; - Еңбекті қорғау, еңбекті ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын, ішкі еңбек тәртібінің нормаларын білу. Тілдерді білуі: - Мемлекеттік; - Орыс; - Ағылшын – қажет болған кезде. |
Төлем карточкаларының секторы Жетекші менеджер Көкшетау қ. |
Міндеттері: - Қаржылық қызметтердегі қажеттіліктерін анықтау мақсатында әлеуетті клиенттердің, сонымен бірге әрекет етіп отырған клиенттердің қызметін зерттеу, кәсіби кеңес беру, тұсау кесер өткізу арқылы жаңа және әрекеттегі клиенттерді төлем карточкасы бойынша ұйымдарға арналған еңбекақы жобасына тарту. - Банкоматтар мен POS –терминалдарды/Төлем терминалдарын орнату үшін жаңа серіктестерді іздеу және тарту, жоспарлау. - Банкоматтар мен POS –терминалдарға/Төлем терминалдарына және олардың тиімді қолданылуына ағымдағы бақылау жасау. - Банкоматтар мен POS –терминалдарды/Төлем терминалдарын орнату үшін серіктестермен жалдау келісімшарттарын жасау/ ұзарту/бұзу үдерістерін ұйымдастыру. - Жарнамалық материалдармен бірге жүретін міндетті және/немесе ұсынылған ақпараттық сілтемелердің (қарастырылған жағдайларда) орнатылуын бақылау. - Ұйымдармен ұйымның жұмыскерлеріне банктік қызмет көрсету туралы келісімшарттар жасау. - Ұйымдармен ұйымның жұмыскерлеріне банктік қызмет көрсету туралы келісімшарттар жасау. - Ұйымның клиенттеріне кеңес беру, төлем карточкаларын шығаруға құжаттарды қабылдау және тексеру, халықаралық төлем карточкасын шығаруға/қайта шығаруға өтініштерді және Банктің ішкі нормативтік құжаттарында қарастырылған бақа да өтініштерді рәсімдеу. - Банк көрсететін қаржылық қызметтердің, соның ішінде «Еңбекақы» өнімі бойынша Банктің кредиттік төлем карточкасына, банк клиентіне қашықтан банктік қызмет көрсету, интернет-банкинг (Nur24), SMS-хабарлама секілді қаржылық қызметтердің кешенді жиынтығын сату (сонымен қатар мәмілелер жасау). - Іскерлік хат алмасуларды жүргізу. Білімі: - қаржы/экономика/маркетинг/техника/заң саласындағы жоғарғы білім; - өзге жоғарғы білім. Жұмыс тәжірибесі: - банк немесе қаржы құрылымындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 1 жыл; - жоғарғы білім басқа салада болған жағдайда, банк немесе қаржы құрылымындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл. Ілімі: - мемлекеттік (абзал) және орыс тілдерін білу; - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білу; - барлық офистік бағдарламаларды білу және жұмыс істеу. |
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
© 2005-2024 «Нұрбанк» АҚ. Барлық құқықтар қорғалған.
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
2552 Ұялы телефоннан тегін
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)